Қоғам • 23 Сәуір, 2021
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Десек те, алтын қазығына балаған ауылдан өкше көтермеген ағайынның бәрі бірдей тұрақты жұмыспен қамтылған емес. Сол себептен, шағын және орта кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетіндер көп. Солардың қатарында Жылыой ауданының тұрғыны Нұрайна Нұрхатова да бар.
Руханият • 23 Сәуір, 2021
2017 жылы елордада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ашылған еді. Аты да айтып тұрғандай, бұл орталықта рухани қазынамыздың құнды жәдігері саналатын, бағзы заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен, еш жерде кездесе бермейтін сирек жазбалар сақталған. Қазір орталықтың қорында 11 мыңға жуық сирек кітап болса, оның 316-сы – XIX-XX ғасырларға тиесілі бағалы еңбектер. Орталық қорында көне Құран кітабынан бастап, хадистер жинағы, ертедегі хандарымыздың жазған хаттары, бұйрықтары, біртуар тұлғалардың қолтаңбасы қалған туындылар, ежелдегі Ислам құқына қатысты кітаптар, әл-Фараби заманынан бергі жазбалар бар.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2021
Әлемді әбігерге салған індеттің салқыны еліміздегі бизнес саласын қиын-қыстау жағдайға душар етті. Әсіресе, экономиканың туризм, тамақтану, қонақүй бизнесі, ойын-сауық және демалыс, білім беру салалары зиянға ұшырады. Алайда карантин талаптарын сақтай отырып, бизнесті жалғастыруға рұқсат етілген соң экономикалық жағдайдың беті бері қарағандай болды. Осы ретте өңірлердегі кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдеріне кеңес беріп, қолдау көрсетуінің нәтижесінде кәсіпкерлер бұл қиындықты да жеңіп шықты.
Спорт • 23 Сәуір, 2021
Күні кеше ғана Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның былғары қолғап шеберлері табысты өнер көрсетіп, барша жанкүйерлердің алғысына бөленді.
Тарих • 23 Сәуір, 2021
Ұзын салқар тарих көшінің қай халыққа да беретін сабағы бар екені белгілі. Жетелілер тарихтың қайталанғанын көргенде, бүгінгі тынысында өткеннің ащы тұсын тұщытып, кермегін жұмсартып, запыранын емдеп, болашағының жарқын болуына соларды мысал ете отыра ұрпағын алға жетелейді.