Қазақстан • 17 Сәуір, 2017
Субсидиялаудың жаңа ережесінің тиімділігі
Ауыл шаруашылығы министрлігінде аграрлық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2017
Елордада Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ақын-жыршы, әнші-сазгер Кенен Әзірбаевты еске алу концерттік кеші өтті. Шарада ғасырға жуық ғұмыр кешкен өз заманының жанды шежіресі тарихи оқиғалардың куәсі болған Кенен Әзірбаевтың шығармашылығы арқылы өткен дәуір оқиғалары жаңғыртылды.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2017
Рухани құндылыққа жетер өлшем жоқ
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалындағы жиын республика Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды. Мұнда маңызды саяси-ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылған. Біздің бүгінгі мақсатымыз – елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан, Елбасы мақаласында бүгінгі өскелең заман талаптарына сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылған деп атап көрсетілді аталған жиында.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2017
Эволюциялық даму: жастардың рөлі
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Қазақстанның эволюциялық дамуындағы жастардың рөлі» атты жиын өтті.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2017
Бұл бас киімді Байтұрсынов та киген
Белгілі журналист Бауыржан Омарұлы қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов жайында ой толғаған «Қайраткер-қалам» атты эссесінде мынадай бір детальды келтіреді. «Бірде әкесі бас киімімен ойнап жүрген баласына ренжіп, «Бас киіміне ие бола алмаған адамның басын ертең әркім доп қылып тебеді», – деп кейістік білдіріп еді.