Аймақтар • 22 Сәуір, 2022
Нулы да сулы өңір қайсы десе, Күршім дер едік. Түстігінен Ертіс жылыстай ақса, Марқакөлден Қалжыр құлайды. Алтайдың ақ бас шыңдарынан бері күркіреп Күршім ағады. «Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ бұйырмайды» демекші, өзен-көлдің ортасында отырған Күршімнің бес-алты ауылы неше жылдан бері егістікке су шығара алмай әлек. Былтыр көктемде Күршім өзеніндегі «Мойнақ» бөгеті жырылып, салдарынан шаруалар шығынға ұшыраған. Бұл мәселе биыл да шешілмейтін секілді.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
«Орталық Азия+Жапония» диалогы
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Орталық Азия өңірі мемлекеттері мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бейнеконференция режімінде «Орталық Азия+Жапония» диалогының 8-ші министрлік кездесуіне қатысты.
Қаржы • 22 Сәуір, 2022
Көлеңкелі несие көбеюі ықтимал
Соңғы кезде әлеуеті күшейіп, танымалдылығы артқан микроқаржы ұйымдары үшін жақын арада маңызды өзгеріс күшіне енбек. 2022 жылдың шілдесінен бастап МҚҰ қарыз алушылары борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні мен есептеу ережесі басқаша есептеле бастайды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі несиелеу нарығының көбеюіне алып келеді дейді сарапшылар.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
Әлемдік экономиканың өрісі тарылады
Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2022 жылы инфляция күшейіп, жаһандық экономикалық өсім күрт баяулайды. Бұл туралы ХВҚ «Әлемдік экономика перспективасы» атты кезекті зерттеуінде жария етті. Қордың мәлімдеуінше, жаһан экономикасының тұсаулануына басты себеп – Украинадағы ахуал.
Әлем • 22 Сәуір, 2022
Украинаның оңтүстігі мен шығысында соғыс жалғасып жатыр. Соңғы бірнеше күнде Ресей тарапы ракеталық атқылауды күшейте түсті. Батыс елдері Украинаға ауыр техника беруге кірісті. Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта Донбаста шешуші қақтығыс өтуі мүмкін.