Әдебиет • 14 Сәуір, 2017
Қазақ халқының атынан жазылған хат
Дана халқымыздың рухани-көркемдік тәжірибесі, ұлттық тәрбиесі, ой-сезім, сұлулық дүниесі қандай десеңізші! Бұған айғақ – «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 1943 жылғы 7 ақпан күнгі санында жарияланған «Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне хаты». Бұл хат соншалықты терең таным-пайыммен, жүрек қанымен, ой-парасатпен, отаншылдық сүйіспеншілікпен жазылған және ұлтының рухын, намысын, мерей-мәртебесін биіктеткен халықтың тамаша бір лебізі. Әр майдангердің жүрегін тербетіп, ар-ожданын оятқан, шалқып төгілген күй еді, лаулап маздаған от еді, дария-көңілден қоректенген телегей сыр еді ол.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Елбасы Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет» деп, тиісті ұсыныстар беруді тапсырған болатын.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Тәуелсіздік ойлау құндылықтарымызды түп тамырымен өзгертті. Өткен дәуір идеологиясы келмеске кеткен соң тарихи тамырларымызға балта шапқан жат ілімдердің зиянын ұғынып, олардың «бөгде сана» екендігін тани бастадық. Қазаққа енді жаңа заманға сай санадағы серпіліс керек болды. Оны халқымыздың ғұлама ойшылдарынан таба бастадық. Сондай үлгіні Абайдан, Шәкәрімнен көрдік.
Футбол • 14 Сәуір, 2017
Роналду еурокубокта 100-ші голын соқты
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы ойындары өтті. «Ювентус» пен «Атлетико» өз алаңында жеңіске жетсе, «Реал» мен «Монако» Германия командаларының осал тұстарын тапты.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Достықтың ән мен биі жарасып...
Облыс орталығындағы Достық үйінде екі күннің бірінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен әртүрлі мәдени шаралар өтеді. Бірлік, өзара келісім және отансүйгіштік тақырыптары аясында жүзеге асырылатын бұл шараларда Ассамблея жастары аса белсенді.