Қазақстан • 14 Сәуір, 2017

Студенттер үйі ашылды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Елбасы Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-тех­никалық жаб­дық­талу деңгейіне, білім бе­ру бағдарламаларына қа­тысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет» деп, тиісті ұсыныстар беруді тапсырған болатын.

Студенттер үйі ашылды

Астанада жарты ғасыр­дан астам уақытта еліміздің агро­өндірістік кешені үшін 60 мыңнан астам бі­ліктілігі жоғары мамандар дайындап шығарған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситетінде жаңадан са­лынған Студенттер үйі ашыл­ды. Салтанатты іс-ша­­раға Білім және ғылым вице-министрі Эль­мира Сұханбердиева, Ауыл ша­руашылығы минис­тр­лі­гінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев, Пар­ламент Сенатының Аграр­лық мәселелер, таби­ғат­ты пайдалану және ауыл­дық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және белгілі қоғам қайрат­керлері, ұстаздар мен студенттер қатысты. 

Жиында сөз алған С.Сей­­фул­лин атындағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күріш­баевтың айтуынша, Сту­денттер үйі соңғы 40 жылда жа­ңадан салынып отырған ғимарат.

«Былтыр жас маман­дарға, магистранттар мен док­торанттарға Есіл өзе­нінің сол жағалауы­нан 120 пәтерлі үш үйді пай­­­­­­­далануға берген болатынбыз. Сөйтіп, барлық оқытушыларды жатақxанамен қамтамасыз еттік. Бүгін көптен күткен қуанышты сәт – жаңа Сту­­дент­тер үйі ашылып отыр.  Соңғы жатақхана ке­­ңес кезінде, осыдан 40 жыл бұрын салынған еді. Жа­тақхана құрылысына мемлекет бюджетінен 1 млрд теңге ақша бөлінді. Бүгінде университет сту­денттерінің 75 пайызы жатын орынмен қамтамасыз етіліп отыр», деді ректор.

Жатақхана негізінен шал­ғайдан келген студенттерге беріледі. Уни­вер­си­теттің 1-курс студенті, ерей­­­­ментаулық Мәдина Әнуар­бекқызы Студенттер үйі­­нен бөлме алғанына қуа­ныш­ты екенін, бар жағдай жасалғанын жеткізді.

Жатақханада 592 жатын орын қарастырылған. 9 қабатты Сту­денттер үйін­де қазіргі заманғы теле­комму­никация желісі, жоғары жыл­дамдықтағы Wi-Fi же­лісі, жас­тар орта­лығы, кі­тап­xана, дәрі­герлік бекет, асxана, спорт залы, шаxмат пен тоғызқұмалақ және кір жуу бөлмесі бар.

Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген Ерлан Омаров, 

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар