Аймақтар • 14 Сәуір, 2017

Достықтың ән мен биі жарасып...

310 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Достық үйінде екі күннің бірінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен әртүрлі мәдени шаралар өтеді. Бірлік, өзара келісім және отансүйгіштік тақырыптары аясында жүзеге асырылатын бұл шараларда Ассамблея жастары аса белсенді.

Достықтың ән мен биі жарасып...

Қазақстан халқы Ассамблеясы об­лыстық филиалы төрағасының орынба­сары Сейсенбай Жетпісбаевтың айтуы­н­-

ша, әртүрлі ұлт өкілдерінен құ­рал­ған жастарымыздың белсенділігі бі­рі­н­ші кезекте Елбасының барша қа­зақ­стандықтарды ұлтаралық және кон­фе­ссияаралық келісімді одан әрі нығай­ту­ға шақырған мақсат-мүддесін одан әрі нығайтуға бағытталуда. Екін­ші­ден, жер­гілікті Ассамблеяның жас қ­а­­натын қа­лыптастырушы және шы­ғар­­­машылық ұжымдарда ән салып, би би­лейтін өнерлі әрі басқа да қо­ғамдық жұ­мыстарға қа­ты­сатын бұл жас­тар бо­лашақта біздің жо­лымызды жал­ғас­ты­рушы буынымыз.

Айтса айтқандай, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өткен мерекеге арналған концертте өзге ұлт өкілдерінің жастары сахнаны керемет шуақты ән мен күйге бөлеп, жиналған жұртшылықты сүйсіндірді. Олар «Анагениси» хореографиялық ұжымы, «Мирас», «Ялкын», «Вир», «Раздолье», «Жаураночек», «Лазарки», «Калыновонамысто», «Дэймокх», «Наири», «ОдларЮрду», «Минги тау», «Анен», «Сеспель», «Эвришим», «Настарин», «Тейбелах», «Авив» және «Анахну», «Нарциз» және «Сырены», «Кардьесапомусики», «Самрук» сияқты орыс, украин, белорус, татар-башқұрт, еврей, чешен, балқар, корей тағы басқа этно­с­тардың ән-би ансамбльдерінің өнерлі жас­тары болды. 

Бұл күндері Достық үйінде облыстық 23 этномәдени бірлестік, Жастар бір­лес­ті­гі, Ұлттық жаңғыру мектебі, 42 шы­ға­р­ма­шылық ұжым жұмыс істейді. С.То­рай­ғыров атындағы мемлекеттік уни­вер­ситет жанынан Ассамблея кафедра­сы ашылды. Оқу орнында этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, мүшелерінің қатысуымен Ассамблеяның құрылуы, достық, бірлік, қазақстандық патриотизм, қазақ тілінде сөйлеу, үйрену, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қазақстандық мінез ұғым­да­ры жайлы арнайы дәріс сабақтары өт­кі­зіледі. Мақсат – отаншыл, елсүйгіш, қазақ ті­лін ана тілім деп білетін, елім, жерім деп жүр­ген өзге ұлт өкілдерінің басын қосу.

Былтыр «Бірлік-Единство.KZ.» шекаралас ынтымақтастық жастар форумы өтті. Оған Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Германия және Польша жастары қатысты. Сондай-ақ, «Ертіс – достық өзені» шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Қа­зір Достық үйінде фольклорлық, дра­малық, хореографиялық ұжымдар қыз­­мет жасауда. Мысалы, «Достық» ан­самблі, бишілер тобы, бондурашылар ан­самблі, вокалдық топ, «Бірлік» мектеп хо­ры, «Арай», «Учтаулар» би топтары, де­ко­ративті-қолданбалы өнер студиясы жұ­мыс істейді.

– Біз тұратын үй өте көңілді. Бұл бір­лік пен достықтың шаңырағы, – дейді жас­­тар.

Ұлт­тық жаңғыру мектебінде 14 ұлттық ор­­та­лықтың бөлімшесі, 2 мәдениеттану ор­­талығы бар. Сабақтар өткізу үшін 14 оқу кабинеті, 2 мультимедиалық кабинет, 1 музыкалық студия жабдықталған. Жыл сай­ын мектепке 500-ден астам оқушы барады.

Иә, мұнда күн сайын осындай сау­ық-сайран. Достық үйіндегі жастар эт­но­­бірлестіктер үлкендерімен бірге Нау­­рыз мейрамын көңілдегідей қарсы алып өткізсе, енді 1 мамыр – Қазақстан хал­­қы­­ның бірлігі күні мерекесіне қызу да-

й­­ын­далу­да. Таңертеңнен кешке дейін клубтар­да сабақтар өтеді, 18 вокалдық-хор және 16 хореографиялық ұжым ре­пе­­ти­ция жасайды, оларда әртүрлі жас­та­ғы адамдар бар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан» 

Суретті түсірген

Мақсат АЙТБАЙ

Павлодар

Соңғы жаңалықтар