Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық сананы серпілтуге бағытталған стратегиялық мақаласы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жиналған студент-жастардың, профессор-оқытушылардың, облыс активінің белсене қатысуымен жан-жақты талқыланды.
Басқаларға үлгі еткің келіп тұратын Азаматтар болады. Мінезі – кесек, тұлғасы – нар, істеген ісі – зор. Ол басқаларды жақсылығымен жарылқап, шапағатына бөлеп жүреді. Жаратылысынан атаның емес, адамның баласы. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген көпке жанашыр табиғаты тағы бар... Елбасы күні кеше «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Осы орайда, туған жерге деген адалдығынан айнымай, онысын маңдай терімен дәлелдеп келе жатқан бір азамат туралы айтарым бар еді...
Жолыңды кесіп өтуге қайманып, құрақ ұшқан жастардың ибалы қалыптарын көргенде, «қазіргі жастар үлкендерді сыйламайды, құрмет көрсетпейді, дұрыс амандаспайды» деп, кейде төбемізге қара аспанды төндіретіндей ештеңе жоқ екен-ау, өмір тек жамандықтардан, яки болмаса жақсылықтардан ғана тұра ма екен тәйірі дейсің...
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай Маңғыстау облысы активінің жиналысы өтіп, болашақ үшін қажетті саналық өзгерістерді бағамдаған мақалаға қатысты ойлар ортаға салынды.
Ұлт ұпайын түгендеудің тың үлгісі
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлтының жаңа замандағы рухани дамуының жолын айшықтап бергені анық. Бұл құжат елімізді жарқын болашаққа бастаған жылдар аралығында руханият, мәдениет саласының да назардан тыс қалмай келе жатқанын тағы бір аңғартып отыр.