Аймақтар • 19 Сәуір, 2019
Шолу: Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан өңірлерінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Сәуір, 2019
Студенттер республикалық олимпиадада бақ сынауда
Еліміздің әр өңірінен жиналған жастар Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ағылшын, неміс тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиада бақ сынап жатыр. Бір ерекшелігі, қатысушылар – тілдік емес мамандықтардың 1-2 курс студенттері.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2019
Жүк тиеу Заңнамаға бағынуға тиіс
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова Қызылорда облысы бойынша автомобиль жол желісінің сақталуын қамтамасыз ету бағытында облыстың 90% инертті материалдармен қамтамасыз ететін Шиелі, Жанақорған аудандарында тіркелген 20 карьерде жалпы салмақтық өлшейтін таразылар орнатылғандығын айтты.
«Көктем жұлдыздары» турнирі өтті
Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған «Көктем жұлдыздары» атты ашық турнир өтті.
Саясат • 19 Сәуір, 2019
Сайлау-2019: Кандидаттың қазақ тілін жетік меңгергенін анықтайтын ғалымдар белгілі болды
Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілде еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия құрылып, оның мүшелері бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлады.