Білім • 20 Сәуір, 2022
Мектептерде Жеңіс күніне арналған жиын өткізілмейді
Биыл білім беру ошақтарында 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Кеңесшілер қызметінен бас тартты
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясында мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 12 мәселе қаралып, шешім қабылданды. Сессияда облыс әкімдігінің дербес құрамын келісу, облыстық қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту, экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия есебі мен басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Кино • 20 Сәуір, 2022
Кейінгі жылдары түсірілген отандық көркем фильмдер арасынан «Оралман» туындысын ерекше айтуға болады. Мұнда жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары кеңес саясатының зұлымдығынан Ауғанстанға көшуге мәжбүр болған қазақ отбасы туралы баяндайды. Кинодағы бас кейіпкер Базарбай қарияның бір қызы мен ұлы сол жақта өмірге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті ұлттан келіншек алса, қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Арада қанша жылдар өтсе де, Базарбай қарт атамекенін аңсап, соған қайта оралуды ойлап жүреді. Ақыры, Қазақ елі егемендігін алып, ақ түйенің қарны жарылған күн туды. Базарбай ақсақал атажұртқа көшуге рұқсат беретін квота алып, жолға шығады. Таулы қышлақтан шыққан отбасын ұзақ жол күтеді.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2022
Мына жалғанда жүзбе-жүз кездеспеген, тек өлеңі арқылы танысып, жаныма жақын болып кеткен Аман ақын Кәлетаевтың да өлеңге, өмірге ғашық жүрегінің тоқтағанына жыл толды.
Экономика • 20 Сәуір, 2022
Тауарды таңбалау тұтынушыға да, экономикаға да тиімді
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірқатар бұйым мен өнімді міндетті таңбалауды енгізгені белгілі. Әу баста көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, нарықтағы заңсыз өнімнің айналымын азайтуды көздеген реформа бүгінге дейін қандай жетістіктерге қол жеткізді, экономиканың дамуына оң әсерін тигізе алды ма? Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу комитетінің төрағасы Арман Әбеновпен әңгімелескен едік.