Экономика • 21 Сәуір, 2021
Электронды сауда экспортты арттыра ала ма?
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының ақпаратына сәйкес былтыр Қазақстанда электронды коммерция нарығының қарқынды өсімі байқалған. Оған кәсіпкерлердің жаппай онлайн-сауда платформаларына ауысуы мен тұтынушылар арасында интернетте сауда жасау мәдениетінің қалыптасуы әсер етті.
Парламент • 21 Сәуір, 2021
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Сенат депутаттары Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға арналған халықаралық шарттарды қарады. Іс-шара барысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов баяндама жасады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Оқиға • 21 Сәуір, 2021
Қазақстан-Ресей: Өзара қатынас стратегиялық серіктестік қағидаттарына негізделген
Мәскеуде Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтында (РҒА ШИ) «Қазақстан және Ресей: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) және РҒА ШИ Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Саясат • 21 Сәуір, 2021
Экономика болжамы жақсара түсті (Үкімет бюджет кірісі мен шығысын арттырды)
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, еліміздің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамы және 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет пен 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы, сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелері қаралды.
Спорт • 21 Сәуір, 2021
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Бокстан Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалдық сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.