Қоғам • 20 Сәуір, 2022
Қазақстан мен Ресей темір жол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде 2022 жылы 20 сәуірден бастап «Атырау – Астрахань» қатынасындағы №625/626 халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды. Құрам ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап жұп күндері, ал Астраханьнан Атырауға - 2022 жылдың 21 сәуірінен тақ күндері күнара жиілігімен жөнелтіледі.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Өңірде екі айлық санитарлық тазалық шаралары басталды. Осыған орай Қостанайда ұйымдастырылған алғашқы сенбілікте қала көшелері мен саябақтар қар астынан шыққан қоқыстан тазартылып, жүздеген ағаш көшеті отырғызылды. Ал қаладағы триатлон-парктің жанындағы алаңқай енді «Жас отбасылар» аллеясы деп аталатын болды. Бұған дейін ашық жатқан тақыр жерге волонтер жастар, спортшылар, ұстаздар мен экобелсенділер, сондай-ақ он шақты жас отбасы арнайы келіп қайың көшеттерін отырғызды.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2022
Көсемсөз өнеріне терең бойлаған Сәкен замандасымыз көркемсөзге ықылас танытып, «Ғаламтордағы махаббат» атты жақсы бір кітап шығарыпты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Ырыздығына ыждағатпен қарамайды
Ілкі заманнан бері төрт түлік малмен күнкөріс қажетін өтеген Алаш жұрты амандық-саулықты малдан бастап сабақтайтыны бекер емес. Өйткені бар тіршілік ақ адал малына, малының амандығына байланысты. Соңғы жылдары мал ұрлаған суық қолдыларды жазалау шарасы күшейтілгенімен, ұрылардың құрығы қысқармай тұр.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Төрт түлігін танымайтындар да бар
Биылғы 4 айда Павлодар облысында мал ұрлығының 19 фактісі тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, санда еш өзгеріс жоқ. Ал қылмысты ашу бойынша оң нәтиже байқалады. Бес емес, он емес, он сегіз қылмыстың «кейіпкерлері» қолға түсіпті! Десе де, тәртіп сақшылары жағымсыз жағдайды болдырмау маңызды екенін айтады.