Қаржы • 19 Сәуір, 2022
Ресейлік еншілес банктерді кім сатып алады?
Қазақстанның банк секторы тағы бір елеулі өзгеріс кезеңіне таяп қалды. Әрине, сөз ресейлік еншілес банктер жайлы. Осыған дейін «Альфа банктің» акционер іздеп жатқанын, ал «Сбербанк» кредиттерін «Қазақстан халық банкінің» сатып алғанын естідік. Көп ұзамай қос банктің де сатылымға қойылғаны анықталды.
Экономика • 19 Сәуір, 2022
Тұрақты даму жөніндегі ұлттық шолу жарияланады
Қазақстан 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібінің іске асырылу барысы туралы екінші ерікті ұлттық шолуды әзірлеп жатыр. Оны алдағы шілде айында Нью-Йоркте ұсыну жоспарланып отыр.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Мүлік иелері бірлестігі: Миссия орындала ма?
Елімізде «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидасы шеңберінде пәтер иелері кооперативтерінің орнына МИБ (мүлік иелері бірлестігі) пен қарапайым серіктестіктер құрыла бастағаны белгілі. Жаңа жоба карантин шектеулерінің салдарынан «үзіліс» алып, жабулы қазан жабулы күйінде қалып қойғаны белгілі. Індет ініне кіре бастағанын ескерсек, жаңашылдықтың жайы не болып жатыр? Тұрғындар неге асығыстық танытар емес?
Қоғам • 19 Сәуір, 2022
Бастама баянды болса, баға да тұрақтанады
Елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету белдеуіндегі Ақмола өңірінде жалпы құны 260 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бір жақсысы, жобалар жүзеге асқанда 2,5 мың жаңа жұмыс орны пайда болады.
Қоғам • 19 Сәуір, 2022
Ит пен мысыққа илікпейтін қоғам
Күнделікті өмірде көпұлтты көршілеріміздің арасында жиі талқыланатын тақырыптар бар. Күн жылына бастаса сусыз қалатын көшелер, үп еткен желден жалп етіп сөне салатын жарық, ойдым-ойдым жолдарды жөндеу сияқты жыл құсындай қайта-қайта оралатын мәселелерден бөлек, мектептен қайтқан балаларды жолдан өткізбейтін бұралқы иттер, бір көршінің босап кеткен қабаған төбеті, тағы бір көршінің жоғалып кеткен мысығы тақылеттес жайттар тіршілігіміздің ажырамас бөлшегі екенін көпшілігіміз байқай бермейміз.