Қазақстан • 11 Сәуір, 2017
Табиғат тылсымын, адамның жан дүниесін ұғып, оны сурет өрнегіне келістіріп түсіру кемел таланттың ой өлшеміне, бітім-болмысына қатысты екені әлімсақтан белгілі. Бұл тұрғыдан келгенде қазіргі сурет өнерінің белді өкілдерінің бірі ғана емес, бірегейі Шыныбай Пірімбаевтың шығармашылық қарымы мен қабілеті озып тұрғаны анық.
Инфографика • 11 Сәуір, 2017
Медициналық сақтандыруды енгізудің мәні түсіндірілді
Келесі жылдан бастап, елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетін болады. Елбасы осы реформаны алдымен халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген болатын. Қостанайға іскерлік сапармен келген Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және оған дайындық, ұйымдастыру жұмыстарын түсіндіруді мақсат етіп қойды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2017
Қазақстан-Ирландия қатынастарына – 25 жыл
Кеше Қазақстан Республикасы мен Ирландия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2017
Достастық елдерінің министрлері жүздесті
Еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов Ташкентте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.
Велосипед – адам күшімен қозғалатын, жедел жүруге арналған көлік құралы. Сонау ХІХ ғасырда ойлап табылған бұл екі доңғалақты көліктің саны қазіргі кезде миллиардтан асады екен. Осыған орай оны пайдаланушылар қатары да аз емес. Өйткені, қос доңғалақты көліктің тиімді жағы көп.