Өнер • 20 Сәуір, 2021
Бала – кенептің тап-таза бетіндей тұп-тұнық әлем десек, балалар шығармашылығын қолдау мен дәріптеу болашақ ізгі қоғамның көрінісі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мемлекеттік Орталық музейде балдырған суретшілердің «Біз бұл әлемді көріктендіреміз» атты шығармашылық көрмесі ашылды. Періште көңілдің перизат өрнектерінен кіршіксіз тазалықтың лебі еседі.
Әлем • 20 Сәуір, 2021
Ұлыбританиядағы тақ мұрагерлігі
Өткен сенбіде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің жұбайы, принц Филипп жер қойнына тапсырылды. Ешкім мәңгілік емес. Күндердің бір күні патшайымның да уақыты келетіні анық. Осы орайда, принц Филипптің бақиға аттануы тақ мұрагерлігі туралы, Біріккен корольдіктің келешегі жөніндегі әңгімені Ұлыбританияда қайта күн тәртібіне шығарды.
Пікір • 20 Сәуір, 2021
Қазіргі уақытта елімізде 2000-ға жуық Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның өңірлік құрылымдарының жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері бүгінде қоғамдағы көкейкесті мәселелерді талқыға салып, олардың шешу жолдарын қарастырып келеді.
Экономика • 20 Сәуір, 2021
Биржалық саудаға қандай өзгеріс енгізіледі?
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.
Руханият • 20 Сәуір, 2021
Былтыр ұлы ақынның айтулы мерейтойы аясында «Абай» телеарнасы ашылып, мәдени-рухани өміріміз жаңаша бір серпілгендей болды. Қазір осы арнадағы «Руханият», «Сарасөз», «Үркер», «Жәдігер», «Бір туынды», «Дәуір даналары» атты тарих пен өнерді кең қамтыған байыпты бағдарламалар көрерменнің көз қуанышына айналды. Осы қатарға өз ортасынан оза шауып жүрген сан қырлы мамандық иелерін дәріптейтін «Есімдер» бағдарламасын қосар едім. Жақында содан «Астана Балет» театрының жетекші солисі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Риза Қанатқызы туралы жып-жылы хабар берді. Соны көріп отырып, талантты балеринаның өнер жолына қызықтық. Оның айтқан әрбір сөзінен қазақы тәрбиенің қайнарына қанып өскендігі байқалып тұрды. Жас болса да балет өнерінде өз қолтаңбасы қалыптасқан.