Пікір • 20 Сәуір, 2021

Бірлесе атқарған іс берекелі

156 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта елімізде 2000-ға жуық Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның өңірлік құрылымдарының жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері бүгінде қоғамдағы көкейкесті мәселелерді талқыға салып, олардың шешу жолдарын қарастырып келеді.

Бірлесе атқарған іс берекелі

Қоғамдық келісім кеңес­терінің мүшелері ел ішінде беделі бар, сөзі өтімді тұлға­лар­дың арасынан сайланады. Олар қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірлесе қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Қоғамдық келісім кеңестерімен санасаты­нын байқап отырмыз. Демек, бұл олардың айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны бөлек екендігін аңғартады.

Біздің өңірде 1 облыстық, 10 аудандық, 3 қалалық, 154 ауыл­дық округ пен 13 ірі мекемеде барлығы 181 Қоғам­дық келісім кеңесі құрылып, жұмыс жүргізуде. Достық үйін­де облыстық Қоғамдық кеңес және ҚХА Қоғамдық келі­сім кеңесі мен Аналар ке­ң­есі бірлесіп құрған 4 топ «Бір­ыңғай ашық есік күні» ая­сын­да тұрғындардың өзек­­ті мә­селелері бойынша қабылдаулар жүргізеді. Атап айтқанда, көп балалы отба­сы­ларды тұрғын үймен қам­­та­ма­сыз ету, жолдарды жөн­деу, газдандыру, кө­ше­лер­ді жа­рық­тандыру, тұр­ғын үйлер салу үшін жер беру, аялдама­лар салу, көп ­ба­лалы, жағ­дайы төмен, жас отбасыларға материал­дық, әлеуметтік кө­мек беру, аймақтарды абат­тан­­ды­ру, мектептер үшін к­і­­тап­­тар сатып алу, елді ме­кен­­­дер тұрғындарының қа­уіп­­­сіздігі, қарияларға көмек көр­­­сету, өрттен зардап шек­кен­­­­дерге үйді жөндеуге қар­­­­жы­­лық көмек көрсету және бас­қа мәселелер шеші­­мін тап­ты. Сондай-ақ қала­да ин­фра­құ­ры­лым мен ком­му­нал­дық қыз­мет­тердің тариф­тік саяса­тын жүргізу, ауыл­дардағы ем­­ханалар, кәсіпкерлікті қол­дау және заңсыз тексерулерден қорғау бойынша және жан­­жал жағдайларының алдын алу, дауларды медиация қағи­дат­тарын қолдана отырып шешу бо­йынша түйткілді мәсе­лелер ше­шімін тапты. Қа­зір­гі уақыт­та қо­ғамдағы тұ­рақ­­ты­лық­қа аса зор назар аударып отыр­ған Қо­ғам­дық келі­­­сім кеңест­ері би­­лік пен тұр­­ғындар арасын­дағы әм­бе­бап диалог алаңына айналды.

Жасыратыны жоқ, Қордай ауданында орын алған келең­сіз жағдай бәрімізге үлкен сабақ болды. Ендігі міндет – осын­­дай жағдайға жол бермеу. Сондықтан да Қордай оқи­­­­ға­­ларынан кейін аудан­да бір­­лескен Қоғамдық келісім ке­­ңесі қайта құрылып, оның құрамына өз ортасында бе­делді және көпшілікке айтары мол, өмірлік бай тәжіри­бесі бар қоғамдық пікір жетек­шілері енгізілді.

Қазіргі таңда Қордай, Меркі, Шу, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандарында 8 бір­лескен Қоғамдық келісім кеңесі құрылып, жаңа бағытта жұмыс атқаруды белсенді қол­ға алды. Бірлескен қоғам­дық келісім кеңестерінің құ­ра­мына ардагерлер кеңесі, мек­теп директорлары, ауыл ақса­қалдары, этномәдени бірлес­тік­тер, зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары енгізілді. Бұл жұмыс облыстың басқа аудан­дарында да жүзеге асырылатын болады.

Жамбыл облысының Сары­су, Талас, Байзақ және Мерк­і аудан­дарында ҚХА-ның «Қа­йы­рымдылық керуені» аясын­да облыстық Қоғамдық келі­сім кеңесінің «Жергілікті ат­­қа­ру­­шы билік органдары мен Қо­ғамдық келісім ке­ңе­сі­­­нің қоғамдық бірлік пен ке­лі­­­сім­ді нығайтудағы өзара іс-қи­­мылы» тақырыбында көш­­­пелі отырыстары өтіп, олар­­­да инфрақұрылымды жақ­­­сарту, жайылымдық жер, ұлт­­тық кәсіп – қолөнерді жаң­ғыр­­ту мәселелері бойынша қо­ғам­­­дық қабылдаулар ұйымдас­тырылды.

Сонымен бірге «Бейбіт­ші­лік пен келісім» жобасы ая­сында Меркі, Шу, Байзақ, Жам­был, Талас, Сарысу аудан­дарында тиісті сала мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақ тұрғындары­ның мәселелерін нақты шешу­ді мақсат етіп отыр. Облыс аудандарында халықты тол­ған­дыратын мәселелерді анық­­тауға, өңірдегі этнос­ара­лық келісімді нығайтуға ба­ғытталған 55 іс-шара, әлеу­меттік сауалдама өткізіл­ді. Нәтижесінде тиісті мем­ле­кет­тік органдарға ұсыныс­тар жіберілді. Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздық, спорт және мә­дени кешендердің жоқтығы, интернет күшінің төмендігі, азық-түлік бағасының қым­баттауы және этностық белгісі бойынша қысым көрсету сынды мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ аудандардағы Қоғамдық келісім кеңестерінің ке­ңейтілген отырыстары өтіп, ауыл жастарының құ­­­қық­­­тық сауатын арттыру, пат­­­­риот­­тық сезімдерін ояту, Отан ал­­дындағы әске­ри бо­ры­­шын өтеу­ге тарту, діни ұйым­­дар жұ­мы­сын қада­ға­лау, білім алуға әртүрлі этнос бала­лары­­ның то­лық қам­тылуы, жас­­тар­дың бар­лы­ғы­ның мем­лекеттік тілді мең­геруі сияқты бірқатар мәсе­ле көтерілді.

Алдағы уақытта да облыс тұрғындары мен жергілікті қоғамдық басқару орындары арасында оң байланысты қамтамасыз етіп, қоғамдағы тұрақтылықты, азаматтық тату­­лықты, бірлік пен келісім­ді нығайтуда Қоғамдық келі­сім кеңестерінің рөлі жоғары боларына сеніміміз мол.

 

Бигелді ТӘЖІБАЕВ,

Қазақстан халқы Жамбыл облыстық ассамблеясының Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Соңғы жаңалықтар