Қоғам • 11 Сәуір, 2023
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мерейі
Талдықорғанда аутизм және басқа да психикалық ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталық ашылады. Тіпті алдағы аптада жұмысын бастамақ ниетте. Аталған нысан 125 орынға есептелген. Мамандар бірінші кезеңде 70 баланы қабылдауды жоспарлап отыр. Осы орайда өңір басшысы Бейбіт Исабаев орталыққа арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.
Оқиға • 11 Сәуір, 2023
Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 8 сәуір күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бетке шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен. Соның салдарынан екі әйел мен бір жасөспірім оқиға орнында, кәмелетке толмаған тағы екі қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қылмыс • 11 Сәуір, 2023
Айла-шарғымен шырмайтын алаяқтар
Ертіс-Баян өңірінде облысында интернеттегі алаяқтыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу көрсеткіштері мәз емес. Ресми статистикаға сүйенсек, былтыр азаматтардың ғаламторда алданып қалу фактілері бойынша 404 оқиға тіркеліп, оның тек 188-іне өндірістік іс қозғалған. Ал тіркелген 64 мал ұрлығының 44,3 пайызы ашылған.
Ғылым • 11 Сәуір, 2023
Жоғары білім – ғылым мен мәдениеттің арқауы
Осы жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Президенті жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шықты. Кеңестің құрамына Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ғалымдар қатарынан 42 адам мүше болып, үш жыл мерзімге сайланды.
Білім • 11 Сәуір, 2023
Наурыз айындағы ҰБТ қорытындысы
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағын 111 мыңға жуық оқушы тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.