Ұстаз • 09 Сәуір, 2023
Ұстаздық – ұлы мамандық. Адамзат жаралғалы, аспан мен жердің арасындағы әрекеттік, сөздік, іс-қимылдық, дәнекерлік пен дәргейлік қарым-қатынастардың бәрінде біреу үлгі, екінші біреу үлгі алушы. Қасиетті кітапта «әуелі сөз болған» деген тұжырым бар. Ал ол сөз күллі адамзат қауымының өмір сүру қасиеттерінің түпқазықтық қағидаты. Демек, қасиетті кітап сөзі – ұстаздық дастан. Ұстазымыз, академик Зейнолла Қабдоловтың: «Ұстаздық – ұлы нәрсе» деуінде ықылым заманнан келе жатқан ықылас пен ынтымақтың әр заманда уақыттық категорияға сай мазмұндық жағынан байып, пішіндік жағынан жаңғырып жатуы ойтірек болған.
Университет • 09 Сәуір, 2023
Мобильді қосымшалардың тиімділігін дәлелдеді
Абай университетінің докторанты, жас ғалым Ерлан Исақов бастаған зерттеу тобы география мұғалімдерінің сыныптан тыс туристік-өлкетану қызметінде мобильді географиялық ақпараттық жүйе қосымшаларын қолданудың тиімділігін дәлелдеді.
Қоғам • 09 Сәуір, 2023
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 75 мыңнан аса адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданған. Бұл ретте өтініш бермей-ақ жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 5,8 мың адам пайдаланған.
Жоба • 09 Сәуір, 2023
Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.
Технология • 09 Сәуір, 2023
Бүгінде елімізде 5G ұялы байланысын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші кезекте республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Аталған жұмыс 2027 жылы аяқталуы керек. Бұл – Үкімет межелеген мерзім.