Кәсіпқой бокс • 06 Сәуір, 2023
Кәсіпқой бокс шаршы алаңында жұдырықтасып жүрген жерлестеріміз – Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) кезекті жекпе-жектерін АҚШ-та өткізеді.
Теннис • 06 Сәуір, 2023
Теннистен АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан «ATP 250» турнирінің жұптық бәсекесінде өнер көрсетіп жатқан Андрей Голубев пен Александр Недовесов жарыстың ширек финалына шықты.
Музей • 06 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде «Қазақ даласы тарихи карталарда: кеңістік пен аумақ құрылымдары» атты көрме ашылды. Онда XVI ғасыр мен 1939 жыл аралығында еуропалық, америкалық, ресейлік картографтар құрастырған тарихи 26 карта таныстырылды. Бұл карталар Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жеке коллекциясынан ұсынылды. Тарихи карталарда қазіргі еліміздің құрамына кіретін аймақтар көрсетіліп, бекітілген.
Қоғам • 06 Сәуір, 2023
Түркістандағы «Өнерлі өлке» фестивалі
Мәдениет пен өнерді дамыту және жастар арасында салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақсатындағы өнер фестивалі төрт ай бойы аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері өткізіледі.
Өнер • 06 Сәуір, 2023
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың музейінде келушілердің назарын аударып, қызығушылықтарын оятатын құнды жәдігерлер баршылық. Соның бірі жатын бөлмедегі қабырғада ілулі тұрған портрет, бір қарағанда жай ғана қағазға салған сурет секілді көрінгенімен, шын мәнінде жақындап, анықтап қарасаңыз, түрлі-түсті былғары бөліктерінен құралғанын байқауға болады. Құрақ бейне. Былғары құрақтан өрнектелген. Өлшемі – 68х49 см.