Қазақстан • 27 Сәуір, 2023
Жер қойнауының игілігін қашан көреміз?
Еліміздің минералдық-шикізат ахуалы мен әлеуетін саралаудан шығатын ұйғарым – жер қойнауын пайдалану саласында жаңа саясат қажет. Біздің жағдайымызда бұл – тиімді дамудың, жоғары экономикалық нәтижеге қол жеткізудің шынайы жолы.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2023
Жамбыл облысында қара жолда қара жамылғандардың қарасы азаймай тұр. Жыл бұрын Күйік асуында 15 көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан жүргізушілер сабақ алмаған секілді. Өкініштісі сол, жыл басынан бері тіркелген жол-көлік оқиғасы салдарынан бақилық болғандардың саны аз емес.
Жоба • 27 Сәуір, 2023
Өндіріс алаңындағы автоматтандырылған жүйе
2019 жылы алғаш рет Қарағанды облысындағы «Пустынное» өндірістік алаңында «Wenco» тау-кен көлік кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесі орнатылған еді. «Цифрлық кеніш» бағдарламасы аясында бұл жоба Ақмола облысындағы Ақсу-2 кәсіпорнында да жалғасын тапты.
Бокс • 27 Сәуір, 2023
Санаулы күндерден кейін Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте төрткүл дүниенің жанкүйерлері екі жыл бойы асыға күткен бокстан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Дүние жүзінің дүлдүлдері жұдырық түйістіретін бұл додаға қазақ боксшылары тас-түйін дайындықпен барары сөзсіз. Бокс десе делебесі қозатын Қазақстан жанкүйерлері бұл жаһандық додада отандастарымыздан ерекше үміт күтеді. Себебі алдымызға қойған мақсатымыз, әлемде үздік үштіктің ішіндеміз деген атымыз бар. Ең әуелі сол атағымызды қорғау керек. Десе де, ең маңыздысы бұл емес, бастысы – бауырлас елде өтетін бәсекеден абыроймен оралу.
Футбол • 27 Сәуір, 2023
ФИФА президенті Қазақстанға келеді
Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.