Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Атырауда өткен Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ойында жүрген біраз жайтты қозғап, ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелерді талқылай келе, неге, қай салаға басым көңіл аудару қажеттігімізді анықтап берді.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітапқұмар болып өсуі керек екенін айтты. Бұған дейін де Президент әлеуметтік желідегі парақшасында кітап оқу эстафетасына қатысып, «Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» деген еді. Ал техника мен технология көзді арбаған заманда жас ұрпақты кітап оқуға баулу өте өзекті мәселеге айналды. Оның шешімі қандай?
Білім • 04 Сәуір, 2024
«Серпін» бағдарламасы әлеуметтік жоба ретінде 2014 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл – студент жастарды әлеуметтік қолдау және еліміздегі оқу көші-қонын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бағдарлама. Бағдарламаның қазіргі «аяқ алысы», жұмыс барысы қандай? Қай университеттерде жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр? Жобаның игілігін көргендер бар ма, олар не дейді? Тақырыпты тарқатып, шолу жасап көрдік.
Университет • 04 Сәуір, 2024
Шетелдік университеттің дипломын алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «500 ғалым» жобасы бүгінде жүйелі жүзеге асырылып келеді. Мысалы, ғалымдардың біліктілігін арттыруға бағытталған жоба аясында былтыр Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 11 ғалымы «Болашақ» стипендианты атанып, шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Биыл қаңтардың ішіндегі аяз болмаса жалпы қыс Сыр бойында жылы болды. Осыдан да облыс эпидемиологтері ерте оянған түрлі жәндіктердің, әсіресе кенеден келер қауіптің алдын алуға қам жасап, жоспарлы жұмысқа кірісті. Жалпы өңір Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан.