Мереке • 26 Сәуір, 2023
Ұлттық өнердің ұйтқысына айналған өнер ордасы – елордадағы Қаллеки музыкалық драма театры қашанда тың бастама, тосын жобаларымен көрерменін тәнті етуден танған емес. Бұл жолы да сол дәстүр жалғасты. Қазақ өнерінің қара нары Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойын театр ұжымы Наурыз мейрамы аясында тағылымды етіп тойлады.
Тарих • 26 Сәуір, 2023
Дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының Жәңгірге «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың... Хан емессің, ылаңсың, қара шұбар жылансың...» деп бетің бар, жүзің бар демей сойып салатыны бар емес пе? Қазақ жерінің батыс бөлігінің аға сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлымен бетпе-бет кездескен тағы бір шайыр Шернияз Жарылғасұлы оның шен-шекпеніне қарамай, қысастығын бетіне басқан.
Сұхбат • 26 Сәуір, 2023
Түпнұсқадан тәржіме – уақыт талабы
Әдебиет пен руханияттың дамуы үшін аударманың, оның ішінде түпнұсқадан аударудың алатын орны ерекше. Біз сол арқылы өзге озық елдердің әдебиетінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болып жатқанын, олардың қаламгерлері қандай жақсы туындылар жазғанын оқып, сараптап, санада салмақтай аламыз. Қазір бізде түпнұсқадан аударатындар бар ма, олар не бітіріп жатыр деген сауалға жауап іздеу үшін осы салада еңбектеніп жүрген аудармашыларды сөзге тарттық. Кезекті дөңгелек үстелімізге аудармашылар – Мақсат Дүйісмағамбет (орыс тілінен аудармашы), Роза Мұсабаева (неміс тілінен аудармашы), Досым Зікірия (түрік тілінен аудармашы), Динара Мазен (ағылшын тілінен аудармашы), Шолпан Қызайбаева (неміс тілінен аудармашы) қатысып отыр.
Экология • 26 Сәуір, 2023
Құмнан табылған қоқиқаз өлексесі
Былтыр сәуір айында Бейнеу ауданының Сам құмындағы Қызыләскер ауылынан қоқиқаздар (фламинго) өлексесі табылған еді. Араға бір жыл салып оқиға айна-қатесіз қайталанып тұр. Биыл да аталған ауылдан 8 шақырым жерде өлген қоқиқаздар табылды.
Табиғат • 26 Сәуір, 2023
Жаратылыстану ғылымы «бабасы балдырдан бастау алды» дейтін өсімдіктердің де өмірде өз орны, өз тағдыры бар. Оның ішінде әлемге әр берген, сұлулық пен сән берген гүлдердің орны, тіпті бөлек. Жердің жүзін жайнатқан – гүлзарлар мен гүлді алқаптар. Адамзатқа жарқын өмір сыйлап тұрған да осы – жасыл әлем. Адам мен табиғат – егіз. Бірде Еуропаның ерекше табиғатын тамашалауға барған бір танысым тотыдай түрленген тоғайдың кіреберісіндегі тақтайшада «Сіз менің жүрегімдегі тамырларды жұлмаңыз!» деген жазуды оқып қайран қалғанын айтқан-ды. Сол бір лепе көктем шықса, қазақ топырағын масатыдай құлпыртқан қызғалдақтың тағдырын еске түсірген еді.