Өндіріс • 03 Сәуір, 2024
Майқайыңның алтын кенішіндегі апаттық жағдайдан кейін тоқтап қалған шахтаның жұмысы әлі күнге қаңтарылып тұр. Ал кәсіпорын бойынша 260-қа жуық қызметкер мәжбүрлі демалыста. Қазіргі уақытта жұрт арасында «Майқайыңалтын» кәсіпорны банкрот болып, таратылады екен деген әңгіме желдей есіп тұр.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Тақырыпты оқи сала «апыр-ау, рас па?» дерсіз. Бір өтірігі жоқ. Өткен жылдары «Айгөлек» деген автоқалам сатылды. Анығында, сырттан тасымалданған осы тауардың сыртына әлгіндей атау жазып, отандық өнім деп дабырайтыппыз. Жалпы, кеңсе тауары өндірісіне келгенде жұмыс әжептәуір ақсап тұр. Отандық өндірушілер оқу мен кеңсе тауарларының аздаған түрін ғана шығарады екен. Ондай шағын өндірістер Алматы мен Шымкент қаласында бар.
Экономика • 03 Сәуір, 2024
Екіжақты байланыс нығайып келеді
Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық әріптестігі жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Елдер арасындағы тауар айналымының артуы, бірлескен транзиттік жобаларды жүзеге асыруы, инвестициялық түрлі келісімдерге қол жеткізу – тараптар арасындағы байланыстарды бекемдеп, жаңа деңгейге көтерді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллар болды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан (ШҰАР) келген делегациямен ресми кездесуде мәлімдеді.
Ғылым • 03 Сәуір, 2024
2024-2025 оқу жылына «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланды. Бұл конкурсқа магистратураның 1-курсында оқитындар мен докторантурадағылар қатысады. Жеңімпаздар жоғарыда аталған академиялық оқу жылын Францияда жалғастыруға мүмкіндік алады.
Байқау • 03 Сәуір, 2024
Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «RoboLand – 2024» IX Халықаралық роботтехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елінің өрендері бақ сынасты.