Үкімет • 07 Сәуір, 2021
Коронавирустың жаңа толқыны (Үкімет дайындықты күшейтті)
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиялық жағдай қаралды. Еліміздегі қазіргі эпидемиялық жағдай, халықты вакциналау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.
Оқиға • 07 Сәуір, 2021
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның «Қызыл кітабына» жолбарыс, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кіргенін хабарлайды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қаралды
Президент Әкімшілігінің бастамасымен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы талқыланды. Іс-шараға Президент Әкімшілігі өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Премьер-Министр Кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және басқа да мемлекеттік органның өкілдері, зообелсенділер қатысты.
Экология • 07 Сәуір, 2021
Жаз айында өрт қаупі өте күшті. Әсіресе, бұл кезде орман, дала алқаптарын өрттен көздің қарашығындай сақтауға тура келеді. Өрт шығу себептерін сараптағанда, көбінесе адамдардың кінәсінен болатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Жайықтың жайы екі мемлекеттің назарында
Қазақстан мен Ресейдің экология ведомстволарының басшылары Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға арналған бірлескен шараларды пысықтады.