Қоғам • 28 Сәуір, 2021
Былай қарасаңыз, ердің жасы елуден енді асқан Ермектің көп қазақтан айырмасы жоқ. Жұрт қатарлы тірлік етіп жүрген пенде баласының бірі дерсің. Дегенмен... зер салып қарар болсаңыз, осы бір жігіт ағасының қос қолдың бірінен кемдік көрген жан екенін байқар едіңіз...
Үкімет • 28 Сәуір, 2021
Бүгінгі басты мәселе – пандемиямен күресті күшейту
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай қаралды. Қазіргі ахуал мен халықты вакциналау барысы туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, кәсіпкерлік нысандарында Ashyq қосымшасын пайдалану мәселелері туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, сондай-ақ өңірлердегі жағдай туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.
Пікір • 28 Сәуір, 2021
Көк байрақты биікке көтерген ұрпақ
Қазақстан халқы Ассамблеясы осы кезге дейін еліміздің қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өмірінде өз орнын мықтап қалыптастырған институтқа айналып үлгерді. Кейінгі жылдары еліміздегі этностар өкілдері арасында өнер мен спортта, білім мен кәсіпкерлікте, басқа да түрлі сайыстарда Қазақстанның көк байрағын биікке көтерген отансүйгіш адал ұрпақ көбейгенін де көріп жүрміз. Елдің атын оздырғандардың басым көпшілігі – тәуелсіздік жылдары өмірге келген жастар.
Пікір • 28 Сәуір, 2021
Өткеніміз де, болашағымыз да ортақ
Мамыр мерекелерінің басында тұратын Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр да жақындап қалды. Осы күнді әлемнің 142 елі мереке ретінде атап өтеді. Соның ішінде көптеген елде ол – әлі де еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні. Ресей мен Тәжікстанда – Көктем мен еңбек күні, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан және Шри-Ланкада – Еңбек күні ретінде атап өтіледі.
Оқиға • 28 Сәуір, 2021
Олимпиада жолдамасынан қағылды
Семсерлесу спортынан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия іріктеу турнирінде қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.