Ұлттық спорт • 24 Сәуір, 2023
«Алғыр» аламанның алдында келді
Қызылорда қаласында бәйгеден ел чемпионатының оңтүстік аймақтық ІІ іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев қатысты.
Спорт • 24 Сәуір, 2023
Төрткүл дүние назары – Ташкентте
Келесі айда Жер жаһандағы бокс сүйер қауымның назары толықтай Ташкентке ауады. Өйткені, 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһарында бокстан кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бірден айта кетейік, осы дүбірлі дода қарсаңында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жүлде қорын екі есеге көбейтті. Қазір ол 5,2 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Соған сай әлем чемпионы атанған саңлақ 200 мың долларды олжаласа, финалда сүрінгендер сол соманың тең жартысын алады. Ал қола жүлдеге қол жеткізгендер 50 мың долларды қалтаға басады.
Шаруашылық • 24 Сәуір, 2023
Жер емген диқандар үшін қазір – қауырт шақ. Өндірісті Қарағандының аграрлы Қарағандыға айналар әлеуеті жетерлік. Осы орайда аймақта жыл сайын дәнді дақылдар сіңірілетін алқаптар ұлғайып келеді. Ресми деректер кейінгі үш жылда, 2020-2022 жылдарда дәнді және бұршақты дақылдар алқабының аумағы 879,2 мың гектардан 931,4 мың гектарға дейін көбейгенін көрсетеді. Ол өсім пайызға шаққанда 5,9 пайыз шамасында. Ал биыл алқап тағы 25,7 мың гектарға ұлғаяды. Осылайша, бұл көктемде 957 мың гектар алқапқа дән сіңіру жоспарда екен.
Ауыл • 24 Сәуір, 2023
Бірден айта кетейік, осы кезге дейін де ауыл мен агрокешенді дамыту мәселесіне қатысты көптеген шешім мен бағдарлама қабылданған болатын. Оларды жүзеге асыруға қомақты қаржы бөлінген-ді. Алайда, ауылдың дамуы тұрғысында әзірше ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Әдеттегідей, біздің өткен тарихымызда талай рет қайталанғандай, ауыл шаруашылығы мен ауылдың «есебінен» өмір сүріп жатқан жайымыз бар.
Спорт • 24 Сәуір, 2023
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Пиреней түбегінің Ла-Нусия қаласында ұйымдастырылған 17, 20 және 23 жасқа дейінгі «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды.