«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы биыл бесінші рет осындай атпен акция өткізіп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысқан, ұрыс даласында ерлікпен қаза тапқан майдангерлердің ұрпақтары мамырдың бастапқы күндеріне дейін филиалға аталарының суреттерін әкеліп тапсырады.
Кино • 21 Сәуір, 2017
«Оралман» фестивальға қатысады
Бұған дейін "Секер", "Жиде" фильмдерімен көпшілікке таныс болған режиссер Сәбит Құрманбековтың "Оралман" фильмі 21-28 сәуір аралығында Иранның Тегеран қаласында өтетін 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінің "Шығыс шырайы" бағдарламасына қатысады.
Білім • 21 Сәуір, 2017
Менделеевтің ізбасарларын қабылдайды
Халықаралық Менделеев олимпиадасының ұйымдастыру комитетін біраз жылдар бойы академиктер А.Бучаченко, Ю.Золотов, П.Саркисов, профессор Ю.Устынюк сияқты танымал ғалымдар кезекпен басқарып келді. 1997 жылдан бері академик, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің деканы В.В.Лунин, ал қазылар алқасына химия ғылымдарының докторы, Мәскеу университетінің профессоры В.Ненайденко жетекшілік етті.
Футбол • 21 Сәуір, 2017
Атақты Марсело «Қайратты» қолдайды
Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубы мен Бразилия құрамасының қорғаушысы Марсело Алматыда футзалдан өтетін УЕФА кубогының төрттік финалында сынға түсетін алматылық «Қайрат» клубын қолдап, өзінің Instagram парақшасында бейнеүндеу жолдады.
Жазғы спорт • 21 Сәуір, 2017
Ардагерлердің алғашқы біріншілігі
Республикалық Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Ардагерлер ұйымы» республикалық орталық кеңесі бильярдтан республикалық біріншілік өткізді. Астанадағы «Достар» бильярд клубында ұйымдастырылған турнирге іріктеу сынынан сүрінбей өткен шеберлер қатысты.