Оқиға • 26 Сәуір, 2022
Жексенбідегі жаңбыр: Екі ауданда үйлерге су кіріп, мал шығыны орын алды
Өткен жексенбі Түркістан облысындағы қос ауданның тұрғындары үшін жайсыз өтті. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, тойхананың, 16 шаруашылық құрылыс нысанының ішіне су кірген. Сарыағаш ауданына қарасты Бағыс ауылындағы 4 үйдің ауласын су шайып, бір үйдің ішіне су кірген.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Автозауыттың қарышты қадамдары
«СарыарқаАвтоПром» серіктестігі биыл 70 мың автокөлік құрастырып шығармақшы. Бұған қоса, қазіргі әлемдік экономикадағы алыс-беріс, ынтымақтастық қарым-қатынастардың күрделеніп бара жатқанына қарамастан, қостанайлық зауыт жыл соңына қарай Chevrolet Onix, Kia Sportage NQ5, Lada Granta көліктерінің өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Спорт • 26 Сәуір, 2022
Моңғолияда өткен Азия чемпионатының соңғы жүлделерін еркін күрес шеберлері сарапқа салды. Бозкілемге шыққан Қазақстанның үш балуаны ақтық сынға жолдама алды. Олар – Нұрқожа Қайпанов, Азамат Дәулетбеков және Әлішер Ерғали. Ал Ақбар Құрбанов пен Әділет Даулынбаев қола медаль үшін таласты. Нәтижесінде, бұл жігіттердің барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Abai IT-Valley – білімге ұмтылған жастар үшін
Семейдегі Әлихан Бөкейхан атындағы университетте ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған Abai IT-Valley, яғни «Абай IT алқабы» атты технологиялық кластерінің құрылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сартүбек өңіріндегі Ақкөл мен Ахмет ауылдары әлі күнге дейін интернет өрісінен тыс қалып отыр. Қостанай облысының ең шалғай шекарасында жатқан екі елді мекеннің тұрғындары интернет байланысының жоқтығы тұрмысқа тежеу, шаруашылыққа тұсау салып отырғанын айтады.