Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Банктердің тәуекел рейтингтері расталды
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Kaspi Bank, Forte Bank және Қазақстанның даму банкі бойынша ұзақ мерзімді рейтингті растады. Мәселен, Kaspi Bank бойынша ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі және тәуекелдің ұзақ мерзімді рейтингі «Ва1» деңгейінде расталды. «Тұрақты» болжамы банктердің алдағы уақыттағы орнықты дамуына қатысты пікірін білдіреді.
Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші тоқсанның қортындысын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салымшылардың шотында 13 трлн теңге зейнетақы жинағы қалыптасқан. Бір жыл ішінде қаражат 380,5 млрд теңгеге немесе 3 пайызға көбейген.
Қаржы • 26 Сәуір, 2022
Құбылмалылықтың өсуі, соның салдарынан инвесторлардың тәуекелге толы активтерге қырын қарауы қор нарығындағы белсенділікті төмендетті. Мәселен, 2022 жылғы наурызда «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі ақпан айымен салыстырғанда 42,1 пайызға төмендеген.
Экономика • 26 Сәуір, 2022
Бауырлас елмен арадағы сауда тұрақты
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-ақпан айларында 126,3 млн долларға жетіп, бұл былтырғы кезеңге қарағанда 6,8%-ға жоғары (2021 жылы – 118,2 млн доллар). Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Техника паркін жаңарта алмай отыр
Қызылордалық шаруалар машина-трактор паркін жаңарта алмай отыр. Олар өңірге жұмыс сапарымен барған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысынан көмек сұрады. Шаруалардың шағын және орта бизнесті дамыту, субсидия бөлу бағытындағы проблемалары да шаш-етектен.