Экономика • 03 Сәуір, 2020
120 млн тонна көмір өндіру жоспарланды
Еліміздің көмір өндіруші компаниялары ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 18,3 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 10,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тонна көмір жеткізілді. Ал коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн тонна көмір жөнелтілді. Сонымен қатар экспортқа 4,6 млн тонна көмір жіберілді.
Экономика • 03 Сәуір, 2020
Мұнай дағдарысы: экономикадағы пандемиялық дауыл
Әлемді коронавирус жаулағанымен қатар мұнай бағасының құлдырағаны жығылғанға жұдырық болып отыр. Бұл әсіресе экономикасы шикізатқа тәуелді елдерге қиын тиюде. Бұл қатарда Қазақстан да бар. Нарықтағы тектоникалық өзгерістер төл валютамыздың әлсіреуіне алып келді. Құбылмалы жағдайда Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені көтеруге тура келді. Осылайша, пандемия дауылына байланысты дүние жүзімен қатар, Қазақстан да қауырт режімге көшті деуге болады.
Спорт • 03 Сәуір, 2020
Сырты бір қоңыр бағлан, іші бір кекті қабылан
Бокс спортында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов тірі болса ертең, яғни 4 сәуірде қамал алар 40 жасқа толар еді. Әттең, дүние-ай! Аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды. Осы орайда, қазақтың батыр ұлының туған күніне орай мақала жариялап отырмыз.
Сұхбат • 03 Сәуір, 2020
Алтынай Нөгербек: Өмірде де, өнерде де ана рөлін ойнаған ұнайды
Алтынай Нөгербек! Қазіргі қазақ сахнасы мен экранының жарық жұлдызы. Өнерде аналар бейнесінің әдемі галереясын жасап келе жатқан талантты актриса. Ол сомдаған кейіпкерлер өзінің күндей нұрлы жылуымен, тереңдігімен, шынайылығымен көңіл түкпірінен орын алады. Алтынайдың рөлдерінен бұрын ең әуелі жаны сұлу. Сондықтан болса керек, әр рөлі бірінен бірі өтер ерекшелікке ие, жүрекке жақын. Өз замандастарының ішінен бірінші болып оза шығып, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған өнер иесімен театр және кино әлемінің қызығы мен қиындығы турасында әңгіме өрбіткен едік.
Спорт • 03 Сәуір, 2020
Олимпиаданың кейінге шегерілуі оңай тимейтін тәрізді
Жер-жаһанды жайлаған коронавирустың кесірінен биыл Токиода алауы тұтануға тиіс Олимпия ойындары келесі жылы өтетін болды. Әрине, осы келеңсіз жағдай спортшылар қауымына көптеген қолайсыздық тудырып отыр. Оның кері әсері көп. Ең өкініштісі, төрт жыл бойы төгілген тер, есіл еңбек еш кетуі мүмкін. Олай деуімізге негіз, түрлі жауапты жарыстарда жанын салып айқасып, жолдамаға иелік еткен әр спортшы ғаламдық додаға нағыз бабында баруға барын салды. Енді оларға келесі жылды күтуге тура келеді. Яғни, әр өрен тағы 12 ай бойы дамылсыз жаттығып, дүбірлі додаларда өздерінің мықтылығын паш етуге тиіс.