Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Оңтүстік Қазақстанда 400 мың көшет отырғызылды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Шатқал» бағдарламасы аясында 386631 түп көшет отырғызылды. Сондай-ақ Шымкентте ашылған төрт саябаққа 20 мыңнан астам түп егілді. Барлығын қосқанда, жасыл желектердің жалпы саны 406631-ді құрайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Фурманов көшесінің арасын байланыстырып жатқан жаяу жүргіншілерге арналған үлкен алаңды жұрт «Арбат» деп атап кетті. Жолыңыз түсіп сол маңнан өте қалсаңыз, талай дүниеге тәнті боласыз. Қылқалам шеберлерінің түрлі туындылары, жүрегіңізді тебірентер жанды музыка, сан тарау тағдырлар!..
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Павлодарлық металлургтер құстарға арналған 20 ұя жасап, қала мектептеріндегі бақтарға ілді. Жас металлургтер, балалар мен жасөспірімдер, экология және туризм орталығының жеткіншектерімен бірлескен «Сәлем, құстар мекені!» атты науқан биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.
Күрес • 20 Сәуір, 2017
Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров жасөспірім балуандарға шеберлік-сабақ өткізді.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2017
Сарбаздар әскери парадқа сақадай-сай
Елорданың іргесіндегі 40-стансада орналасқан 68665 әскери бөлімнің аумағында қаз-қатар тізілген әскери шатырлардан, қаздай тізілген әскери техникалардан көз тұнады. Жаттығу алаңы да күн ұзақ бес қаруын сайлаған сарбаздардан босамады. Бұл жерде 7 мамыр күні Астанада өтетін ауқымды парадқа қатысу үшін еліміздің барлық өңірлеріндегі әскери бөлімдерден келген есептоптар жаттығуда.