Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды
Қызылордада коронавирус белгісін жұқтырған алғашқы тұрғын 28 наурызда анықталған еді. Іле-шала Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп келген 65 жастағы осы тұрғынның денсаулығын тексерген емханадағы медбикенің де індетке шалдыққаны белгілі болды. Ал 30 наурыз күні бойы вирус белгісі табылған тағы 3 тұрғын тіркелді.
Руханият • 01 Сәуір, 2020
Жасырып-жабулайтын несі бар, Сталиннің соғыс жылдарында да қазақтарға іші жыли қоймағаны анық. Мұны Бауыржан Момышұлының майдан жорықтарында көрсеткен ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмағанынан да аңғаруға болады.
Таным • 01 Сәуір, 2020
Архивтерде алуан түрлі дерек бар
Өңірдегі Мемлекеттік Архив қызметінің мәліметінше, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскерге шақырылғандар жөнінде мәліметтер еліміздің Қорғаныс министрлігіне қарасты департамент архивтерінде сақтаулы. Сондай-ақ Ресейдегі Подольск қаласы Орталық архивіне сұрау салуға болады.
Руханият • 01 Сәуір, 2020
Қайырлы бастамаға қайырымсыздық көрсетпейік
Әлем шым-шытырық оқиғаларға толы. Көзге көрінбейтін жау оңайлықпен дес берер емес. Қазірдің өзінде 170-тен аса мемлекеттің іргесінен ұрланып кіріп, іріткі салғандай ойрандатып жатқан коронавирустың екпіні Цунамиден де қатты ма дейсің. Осы орайда Германияның канцлері Ангела Меркельдің: «...Жағдай өте мүшкіл. Оған шындап мән беріңіздер. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біздің елде мұндай үлкен сынақ болған емес», деуі де бекер емес. Оған айналдырған екі айдың ішінде ғана қайтыс болған адамдардың саны 18 мыңнан, ал вирус жұқтырғандардың саны 400 мыңнан асып жығылғаны дәлел. Бұл жиырма бірінші ғасырдың басында әлем халқының басына түскен үлкен сын, әрине.
Футбол • 01 Сәуір, 2020
Ұлттық баскетбол қауымдастығының «ТОП-10» ойыншысы
Fadeawayworld.net. сайты әр жылдары Ұлттық баскетбол қауымдастығында (ҰБҚ) өнер көрсеткен ең үздік ойыншылардың тізімін жариялады.