Музей • 22 Мамыр, 2023
Бұл жолы да Өнер музейінде өтіп жатқан «Музей түні» халықаралық акциясына жиналған жұрттың қарасы аз болмады. Күмбірлете күй төккен дәулескер күйші де, жезтаңдай әнші де музейлердің маңынан табылды. Қылқалам шеберлерінің де бастары қосылып, мәре-сәре болысты.
Тарих • 22 Мамыр, 2023
Халыққа қызмет ету білімнен бе, мінезден бе?
Осыдан 106 жыл бұрын, 1917 жылы 27 ақпанда халықтар түрмесіне айналған Ресей империясында ақпан төңкерісі болып, патшалық режім құлады. 1916 жылдың маусым айынан ақ патшаға қарсы атқа қонған қазақ бұл түбегейлі өзгерісті қуана қарсы алды. Сол жылдың қазан айында большевиктік төңкеріс өтіп, ол 5 жылға созылған қанды Азамат соғысының басталуына түрткі болды. Ресей халқы «ақ» пен «қызыл» және оларды мойындамайтын «жасыл», «қара» секілді сансыз қозғалыс пен партияға бөлініп, өзара аяусыз қырқысты. Қантөгіс, адам өлтіру қалыпты жағдайға айналды. Сондай өтпелі кезеңде шет ұлттардан шыққан зиялылар өз талаптарын қоя білді және олар елемеуге болмайтын күшке айналды. Қазақ бұл кезеңде «артта қалған қараңғы халық» саналғанымен, тарихтың жауапты шағында оның арасынан жұлдыздай жарқыраған тарихи тұлғаларын шығарып, ұлттың жоғын жоқтатып, мұңын мұңдата алды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2023
Етекте жаз болғанымен, таулы жердегі қардың көбесі енді ғана сөгілді. Сондықтан да ТЖД қызметкерлері 15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі барын ескертіп отыр.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2023
Көрші мемлекеттермен сауданы кеңейту мақсатында 2025 жылға қарай еліміз өз шекараларының периметрі бойынша 5 хаб салатын болған еді. Соның біреуі Жетісу өңіріне тиесілі. Қазір «Қорғас торабы» трансшекаралық хабын құру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.
Егемен Қазақстан • 22 Мамыр, 2023