Футбол • 25 Мамыр, 2021
Осыған дейінгі доп додаларымен салыстырсақ, 11 маусымда шымылдығы түрілгелі отырған футболдан Еуропа чемпионатының басты екі ерекшелігі бар. Біріншісі – ол 2021 жылы өткелі отырса да, «Еуро-2020» деген атаумен тарихта қалады. Екіншісі – айтулы жарыстың жалауы әдеттегідей бір-екі елде емес, бақандай 11 мемлекетте желбірейді. Анықтап айтсақ, аяқдоп шеберлерінің шиеленіске толы бәсекелері қарт құрлықта орналасқан 11 әсем шаһардың ең керемет 11 стадионында өтеді. Мұндай жағдай бұрын-соңды «Еуро» додаларында болмаған.
Футбол • 25 Мамыр, 2021
«Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты
Футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясында елорданың «Астанасы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Біраз жылдан бері екі команда арасындағы кездесу – еліміздегі ең тартысты матч саналады. Тіпті жанкүйерлер бұл текетіреске «Ел классикосы» деп те айдар таққан.
Хоккей • 25 Мамыр, 2021
Әлем чемпиондарын қапы қалдырды
Бұл күндері Латвия астанасы – Ригада шайбалы хоккейден кезекті әлем чемпионаты өтіп жатқаны баршаға мәлім. Әлемдік додада В тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы екінші турда қазіргі әлем чемпионы – Финляндия құрамасын жеңіп, үшінші жарыс күнінің басты сенсациясын тіркеді.
Оқиға • 25 Мамыр, 2021
«Ізгілікті қоғам» ізгі адамнан басталады
Жақында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен облыс бойынша «Ізгілікті қоғам» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар мен қалыпты емес психологиялық дағдарыстың алдын алу.
Оқиға • 25 Мамыр, 2021
Ауылдықтар әкім сайлауынан не күтеді?
Биыл Қостанай облысында 66 ауыл әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Бұған дейін аудандық мәслихат депутаттарының таңдауы бойынша сайланып келген әкімдер енді жергілікті халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланатын болады. Елімізде тұңғыш рет кең көлемде жүзеге асырылғалы отырған саяси реформадан ауылдықтар не күтеді, сайлаудың жаңа жүйесі туралы әкімдердің өздері не дейді?