Қазақстан • 24 Мамыр, 2022
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Өтіп бара жатқан уақыт-ай! Осыдан біраз жыл бұрын халқымыздың адал да аяулы перзенттерінің бірі – Бауыржан Ысқақұлы Елубаевпен қауіпсіздік органында бірге қызмет еттік. Сол уақытта оның өмірге, Отанға деген көзқарасын жоғары бағаладым. Отанды сүю, достарды, жолдастарды қадірлеу сияқты адамгершілік қасиеттерінің биік екеніне көзім жетті.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2022
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Ол уақытта мен Алматыда қызмет істейтінмін. Тоқсаныншы жылдардың іші еді. Туған жерім Қарағандыға кейде жұмыс бабымен іссапарға барсам, енді бірде ағайын-туыстың қуаныштарын бөлісу үшін сапарлайтынмын.
Қоғам • 24 Мамыр, 2022
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қазақ журналистикасының тарихын алғашқы зерттеуші-ғалымдардың бірі Хайыржан Бекхожиннің есімі қазақ баспасөзінде ерекше аталады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен IX «Бекхожин оқулары» аясында ғалымның қазақ баспасөзі шежіресін зерттеудегі тың тұжырымдары мен ғылыми еңбектерін жаңа қырынан таныту мәселелері сараланды.
Ғылым • 24 Мамыр, 2022
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Елдің экономикасын өрге сүйрейтін сала – ғылым. Президент те ғылымға көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ал Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларды ғылым саласын меңгеруге ден қойып жатыр. Жуырда аталған мектептің екі оқушысы Ресейде өткен «Человек-Земля-Космос» ғылыми-зерттеу олимпиадасында ІІ орынға ие болды.
Медицина • 24 Мамыр, 2022
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Елордалық балалар ауруханасында Түркияның жетекші маманы Бурак Тандердің қатысуымен балалар хирургиясы бойынша халықаралық шеберлік сабағы өтті. Алғашқы күндері шетелдік хирург қазақстандық әріптестерімен бірге асқазан-ішек жолдарының патологиясы бар еліміздің әр жерінен келген балаларды тексеріп, бірнеше кішкентай пациентке операция жасады.