Аймақтар • 21 Мамыр, 2019
Ақшаны құмар ойынға тігіп жіберіпті
Баяғыда бір жігітті кедейшілік қысып, ұрлық жасамақ болады. Түнде көршісінің қойын ұрлап сойып алады. Көршісі іздеу салғанымен таба алмаған. Осыған дәндеген әлгі жігіт тағы ұрлық қылады. Бұл жолы да бұдан ешкім сезіктенбеген. Үшінші ұрлығында қолға түсіп қалыпты. Сотқа тартылғанда «бір секірдім, құтылдым, екі секірдім, құтылдым. Үшіншісінде тұтылдым. «Ұрлық түбі – қорлық» деген осы екен-ау» деп торыққан екен.
Қазақстан киберспорттың көшіне ілесуі керек
Бүгінгі таңда киберспорт – қарқынды түрде қанат жайып келе жатқан салалардың бірі. Сондай-ақ бұл көптеген мемлекеттердің цифрлы экономикасында ерекше орын алатынын да атап өткен жөн. Таяуда елордада өткен Астана экономикалық форумы-2019 алқалы жиынының аясында «Қазақтелеком» АҚ және «Қазақстанның киберспорт федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған панельдік сессия осы тақырыпқа арналды.
Әлем • 21 Мамыр, 2019
Аймақтың Жапониямен ынтымақтастығы жалғасады
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы (ОАЖД) Сыртқы істер министрлерінің 7-отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2019
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталды. Форумға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысуда.
Экономика • 21 Мамыр, 2019
Несие портфелінде нақтылық жоқ
Әңгіме тағы да проблемалық несиелер портфелі жайында. Ұлттық банк пен Бірінші несиелік бюро сәуір айында Қазақстанда жұмыс істемейтін қарыз үлесі төмендегенін хабарлады. Алайда, сарапшылар екі ұйымның мәліметтері арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін байқап қалыпты.