Жұмыс бабында бүгінгі спортымыздың жай-күйі туралы осы саланың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген азаматтармен жиі әңгімелесуге тура келеді. Саланың сан-салалы мәселесін бес саусағындай біліп қана қоймай, олардың шешу жолдарын да талмай іздестіріп жүрген осы жандардың спортқа деген жанашырлық пейілін көріп көңілдің марқаятыны бар. Сондай азаматтың бірі – Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы директорының бірінші орынбасары Самат Ерғалиев.
Бизнес • 18 Мамыр, 2017
Woolmark байқауына жолдама алды
Бірқатар бизнес жобалардың авторы, белгілі қазақ дизайнері Аяжан Жақсыбай дизайнерлердің әлемдік INTERNATIONAL WOOLMARK PRIZE байқауына қатысуда. Aika Alemi брендінің танылуына тер төгіп жүрген ол сән әлеміне ақыл тоқтатқан, өзіне не керектігін жақсы білетін кезеңде келгенін айту керек.
Медицина • 18 Мамыр, 2017
Сабыркүл Асанова: Енді жұрт бірдей сән үлгісімен киінбейді
Қарап отырсақ, қазіргі жастардың көпшілігі дизайнер, яғни сән үлгісін-жобалаушы болғысы келеді. Яки болмаса, модаға қызмет етуді үлде мен бүлдеге оранып жүрудің бірден-бір жолы деп біледі. Шындап келгенде, ешкімнің иығына ілінбеген қиялдағы көйлекті ойлап тауып, келістіріп пішу оңай ма? Кәсіптің ең көркеміне қызмет ету қаншалықты қиын? Біз бүгін алғашқы ұлттық бренд – «Сымбат» сән академиясының президенті Сабыркүл АСАНОВАМЕН жеке-дара дами алмайтын жеңіл өнеркәсіп – ол тері илеуден бастап, мақта өңдеу, мата тоқу, ине мен түйме шығаруға дейін тәуелді сала екені туралы сөз қозғамақпыз.
Сыр мен сымбаттың елі, сұлулық атты қымбаттың елі – Көкшетау. Көкшетау десе көкірекке шүпілдеп толатын, көңілді ғажап сезімге бөлейтін көрікті күйлер көп-ау. Алдымен Көкшетаудың жері, орман-тауы, өзен-көлі, табиғаттың сұлулығы сыр шертеді. Бір ғана Бурабай, Оқжетпес пен Жұмбақтас. Абылай алаңы... Көкшетауға ғашық болу үшін, құрмет тұту үшін осылардың өзі-ақ жеткілікті. Ал бұл екі арада Айыртау мен Арықбалықты, Зеренді мен Сырымбетті қайда қоясыз. Иә, айтты-айтпады, «Жер шоқтығы Көкшетау, бауыры толған бақша-бау...»
немесе ширек ғасыр бірге жүрсе де бірін бірі білмеген туыстар жайлы бір үзік сыр.