Білім • 26 Мамыр, 2020
Кабинетін мұғалімдерге берген директор
Ол білім саласына кездейсоқ келген жоқ. Оны бұл жолға өзі білім алған мектебіндегі ерекше жүйе жетелегендей. Кейіпкеріміз оқыған білім ұясында жоғары сыныптың оқушылары төменгі сыныптың балаларына сабақ түсіндіретін жүйе болыпты. Сол кезде биология пәнінен көптеген олимпиадаға қатысып жүрген оқушы мектебіндегі ерекше жүйе бойынша өзінен кіші балаларды өзі үздік пәннен жарыстарға дайындапты. Кейіпкеріміз білгенін өзгеге үйрететін ұлы қызметтің жанына жақын екенін оқушы күнінде түсінген. Жас буынға жаңа нәрсені үйреткенде олардың көздерінен от көріп, бойларынан білімге, өмірге деген құлшынысты сезінгені педагогика саласына түбегейлі бағыттап жіберген көрінеді.
Экономика • 26 Мамыр, 2020
Қой өсіріп, табыс таба алмай отырмыз
Көктем мал төлдеп, қорада шу болатын қарбалас шақ. Осы арада Ақтөбе облысындағы қой өсіруге қатысты кейбір мәселелерді ортаға салғанды жөн көрдік.
Коронавирус • 26 Мамыр, 2020
COVID-19: Сегіз мыңнан асса да әлі сенбейтіндер бар
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 8531-ге жетті (соңғы мәлімет бойынша 8969 - Ред.). Тіпті 23 мамыр күні бір тәулікте осынау індетті жұқтырған 403 адам анықталып, рекордтық жағдай тіркелді. Ал бұл кезде біздің қоғам әлі «Коронавирус бар ма, жоқ па?» деген мәселені талқылап, әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі әңгімелердің өрбуіне себеп болуда. Яғни халық әлі күнге осынау қауіпті індетке сенімсіздікпен қарап, күнделікті тіршіліктің күйбеңімен тәртіп пен тазалықты ұмытып кетіп жатыр.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Қазақстанда ресми түрде төтенше жағдай тәртібі аяқталды. Бұған қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін көптеген аймақта карантин шаралары жалғасуда. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарына халықтың иін тіресіп жиналуына жол бермеу үшін, яғни вирустың жұғу қаупін азайту мақсатында бірқатар нақты шара қабылдады.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Баспанамен қамтуға басымдық берілмек
Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы бірқатар кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген қызметкерлер бастапқы жарнасыз баспана ала алады. Еуразиялық Топ пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында осындай келісімшартқа қол қойылды.