Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Әбдікерімованың әнші болмауы мүмкін емес еді. Отбасындағы бес баланың бәрі де ән салады. Бәрі де белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен. Оның ата-анасы да өнердің өз адамдары. Әкесі Мейрамбек Абдуллаев пен анасы Нәзира Бодыбаева музыка мектебінде дәріс беретін ұстаздар. Музыкалық қабілеті күшті, музыкалық білімі терең балалар Алматы немесе Астанада, болмаса тек үлкен қалаларда ғана көп болуы тиіс деп ойлауымыз қисынды ғой. Бірақ, сонау шалғайдағы Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты кішкентай ғана Амангелді ауылынан шығып та әлемдік сахналардан көрінуге болады екен.
Жазғы спорт • 17 Мамыр, 2017
Аманбек Түсіпханұлы Балқаштың маңындағы «Қарабұлақ» кеңшарында еңбек жолын бас экономист болып бастап, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Абай аудандарын басқарған. Аманбек Түсіпханұлы Әбдіханов атындағы турнир елдің азаматына деген алғысы іспетті. Өзі де спортты сүйіп, соған жұртты үйіре білген азаматтың құрметіндегі жарыс биыл жетінші рет өтіп, онда Астана қаласы мен Қарағанды аймағының волейболшылары өнерлерін сынға салды.
Жазғы спорт • 17 Мамыр, 2017
Кереку спортқа мән бере бастады
ERG компаниялар тобы облыстағы түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3,7 миллиард теңге бөліп отыр. Алпауыт кәсіпорын алдағы жылдары жаңа меморандум аясында өңірде бірнеше спорт нысандарының бой көтеруіне үлес қоспақшы.
Бокс • 17 Мамыр, 2017
Былғары қолғаптың бағасы қанша?
Қабырғасын бір-бірлеп сөксең де қабақ шытпас ерлердің кәсіпқой бокс дейтін спортына екінің бірі бара бермейді. Жүрегінің түгі бар жігіттің сырттанына ғана жалын сипататын спорт түрі ғой бұл. Бұған әуесқой бокста терезесі тең әлдіні таппаған соң, болмаса бұл салада алмаған атағы қалмағанда ғана барады жүрек жұтқан жампоздар. Ашығын айтқанда, бұлардың түпкі мақсаты – төрткүл дүниеге атын шығару ғой, сонан соң, әрине ақша табу. Ал атақты һәм ауқатты болуға ұмтылғанның еш айыбы жоқ.