Әдебиет • 17 Мамыр, 2017
Есенғали Раушанов. Бунин (2-бөлім)
(Соңы. Басы 91-нөмірде) Бунинге 1933 жылы Швед Ғылым академиясының шешімімен Нобель сыйлығы берілді. Жұрт «Арсеньевтердің өмірі» атты повесін меңзеді. Орыс диаспорасы оның поэзиясын сүйетін. Оның махаббат лирикасын, әсіресе, ханшалар мен ханымдар ерекше бағалады. Неге әйелдер? Мұны біз білмейміз. Әсте, «Ие, бұл дүниеде (бәлкім, о дүниеде де) шын ғашық болып, өлердей сүйе алатын әйелдер ғана» дейтін сөз рас болар. Бірақ, бұл дүниеде шын сүйе алатын Ақындар ғана екенін неге мойындамайды бұл ғалам?!
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Менің екі ақсақалым бар еді, бірі – Алатау баурайында, бірі – Анапа қаласында. Алатау бөктерінде, Қарғалы кентінде тұрған Сайын ақсақал бұл дүниенің базарынан қайтқалы қырық күн болыпты. Қара теңіз жағасында, Анапа қаласында тұратын Анатолий ақсақал «жетімсіреп» (өз сөзі) қалғалы да сонша күн болған екен. Өзі де, сөзі де, түр-тұлғасы да сайын даладай мол пішілген Сайын аға әріптестерінің де әкелеріндей көретін асқары еді. Бұл қос қария – қатар қартайған қаламдас дос, баспасөздегі томағамды сыпырған тәлімгер ұстаздарым болды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Асты-үстіне сапырылысқан жиырмасыншы ғасырдың басында ала шаңдағы аспанға көтерілген Ембіге кейіпкер іздеп келген ғажайып жазушы Константин Паустовский белуардан бейнет кешіп жүргендердің мехнатын көріп «Ерлік дегеніміз – Доссор екен ғой», деп жағасын ұстапты. Мұнай өндірудің таусылмас машақаты мен маңдайынан тер сорғалаған мұнайшылардың бейнеті мен болмысы туралы содан бері талайлар қалам сілтеді. К.Паустовскийдің қаламына іліккен мұнайлы Доссорда дүние есігін ашып, бүкіл саналы ғұмырын еліміздегі мұнай өндірісі саласына арнаған Құмар Балжановтың есімі замандастары арасында үлкен құрметпен аталады.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Мәдени серіктестік даму үстінде
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», деп атап өткен еді.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Қарағандылық қос ақын Мирас Асан мен Жадыра Байбұланова алматылық оқырмандарымен кездесті. Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өткен «Егіз лебіз» атты жыр кешіне ерлі-зайыпты қос ақынның оқырмандары мен әріптестері, шығармашылықта тілеулес болып жүрген аға-әпкелері мен замандастары қатысты.