Қоғам • 22 Мамыр, 2022
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Жақында Үкіметтегі жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов еліміздегі жол саласы бойынша білікті кадрлар даярлау, жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологияларды қолдану мәселесін көтеріп, бұл міндетті жолдарды салу мерзімі мен сапасына тікелей әсер ететін фактор ретінде атап өтті.
Әлем • 22 Мамыр, 2022
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлемде жаңа инфекция пайда болды. Маймылшешек деп аталатын індет бүгінде 12 елде анықталып, қауіпті вирусты 80 адам жұқтырған. Инфекция Еуропаның тоғыз елінде, сондай-ақ АҚШ, Канада және Аустралияда тіркелді. Негізі маймылшешек ауруы Орталық және Батыс Африканың шалғай аудандарында жиі кездеседі. Дей тұрғанмен бұл дерт өркениетті елдерге де таралуда.
Әлем • 22 Мамыр, 2022
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Еуропада ширек ғасыр бұрын өзен-көлдерге орнатылған бөгеттер жаппай алына бастады. Осылайша эколог ғалымдар жойылудың алдында тұрған балықтарды сақтап қалмақ. Өткен жылы кәрі құрлықтың 17 елінде 239 бөгет жойылған. Бұл істі қолға алған елдер өзге көршілес жатқан мемлекеттерді де «бөгеттен құтылуға» үгіттеп отыр.
Экология • 22 Мамыр, 2022
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Еуропа халқы жаз басталмай жатып аптап ыстықтың зардабын тарта бастады. Испанияда 20 мамыр күні ауа райының температурасы +40-қа дейін жетті. Қарт құрлық көктемнің соңғы айында бұрын-соңды мұншалық ысыған емес.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2022
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қонаев қаласында партия активі, зиялы қауым өкілдері, бастауыш партия ұйымдары мүшелерімен, қалалық су электр стансасы ұжымымен бірқатар кездесу өткізіп, алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын талқылады.