Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
«Белдеу және жол»: алғашқы нәтижелер не дейді?
Қазақстан әлемдік деңгейдегі маңызды форумдарға, бәсі биік басқосуларға белсене атсалысып, сол жиындардың мінберлерінен өзінің ұстанымын, бағыт-бағдарын ашық, бүкпесіз түрде жариялап келеді. Бұл өз кезегінде еліміздің беделін өсіріп, халықаралық қоғамдастықтағы орнын нығайта түсуге оңтайлы ықпалын тиігізуде.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Димаш Құдайберген Парижде қайырымдылық кешке қатысты
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Адам құқығын қорғау – өркениетті елдің міндеті
Бізге жыл сайын 1500-ге жуық арыз түседі. Оларда негізінен қоғам өмірінің барлық саласына қатысты мәселелер қозғалады. Нақтылай айтқанда, олардың негізгі бөлігі құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне (30%), сот шешімдеріне (28%) және жергілікті билік органдарының сапасыз мемлекеттік қызметтер көрсетуіне (16%) қатысты шағымдар болып келеді.
Қаржы • 17 Мамыр, 2017
Қазақстан – Финляндия: Дипломатиялық қатынастарға – 25 жыл
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай вице-министр Роман Василенко мен Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Райсанен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
Білім • 17 Мамыр, 2017
Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?
Проблема өмірдің қай саласында да жетіп асады. Солардың ішінде бүгінгі білім саласы қатты сынға ұшырауда. Жалпы, бұл саланың кемшіліктері қазір ғана пайда болған жоқ. Ол кемшіліктер бұдан бұрын да орын алып, уақытында түзетілмей қордалана берген. Білім саласындағы кемшіліктерді бәрі көріп-біліп отыр. Бірақ алып айсбергтің су бетіндегі көрінісін ғана тамашалап, астындағы одан да зор бөлігін көре алмайтынымыз сияқты білім берудегі кемшіліктердің түпкі себебін көбіміз біле бермейміз. Сол білместігімізді Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында білдіріп отыр. Сөйтсек, білім беру мен оқыту жүйесінде ең басты тетікті білмейді екенбіз. Ол – білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген реформалардың ғылыми негізі болуы керектігі. Сонымен бірге, білім беру саласын дамытудың ғылыми жүйесін жасау.