Референдум • 22 Мамыр, 2022
Жастар қалауы – жарқын келешек
Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жастарды да қызықтырып отыр. Өйткені елдің ертеңіне елеңдеп, адал қызмет етуді мақсат еткен отаншыл жастардың қалауы – жарқын келешек.
Қоғам • 22 Мамыр, 2022
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Баспана мәселесі қашанда өте күрделі. Халықты қолжетімді баспанамен қажетінше қамтамасыз ету мемлекеттің іс-қимыл стратегиясының негізгі бағыттары екендігі әлімсақтан белгілі. Құрылысшылар қауымы елімізде 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей қатыспақ. Өз таңдауларын жасаса, саладағы түйткілді мәселелер де түбегейлі шешілер деген үмітте.
Референдум • 22 Мамыр, 2022
Референдумды қолдауға үндеу жасады
«Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС басқарма төрағасы, Amanat партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Жиындарға Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы, партия жанындағы облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Референдум • 22 Мамыр, 2022
Елдегі саяси өзгерістердің көбіне куә болған аға буын өкілдері Мемлекет басшысының Ата Заңға өзгерістер енгізу бастамасы қажетті әрі дер кезінде қабылданған шешім деп есептейді. Республикалық «Ардагерлер ұйымының» кезектен тыс ІХ съезінде қатысушылар референдум аясында жалпыхалықтық дауыс берудің маңыздылығын айтып, халықты саяси шараға белсенді қатысуға шақырды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2022
Сенбі күні Шымкентте орналасқан Түркістан облыстық №1 перинаталды орталық жанындағы ғимаратта жарылыс болды. Жарылыс кезінде перинаталды орталықта 189 ем алушы және 65 қызметкер болған.