Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2014
Немістер ол кезде көп нәрсені білмеді. Өз тұсында төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың лайықты ұрпағы қарсы тұрғанын білмеді. Азаттық жолында қаншама қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқының ауыртпалықтардан қабырғасы қайысса да, морт сынбайтынын, еңсесі езілсе де, рухы түспейтінін, асылын берсе де, намысын бермейтінін білмеді.
Тарих • 09 Мамыр, 2014
1941 жылдың жазы. Сұрапыл соғыс басталған күннен бір апта кейін Семейдің облыстық театрында Ертістің суын егіз емген үш облыстың халық ақындары жиналды. Ертеңіне «Екпінді» газетінде Төлеу Көбдіков, Нұрлыбек Баймұратов, Естай Беркімбаев, Сапарғали Әлімбетов, Есенсары Құнанбаев тәрізді бір топ ел саңлақтары қол қойған үндеу өлең жарияланды.