Өнім • 18 Мамыр, 2023
Азық-түлік қауіпсіздігі: меже мен мүмкіндік
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Экономист ретінде осы мәселе төңірегінде тереңірек ой өрбіткенді жөн көрдім.
Энергетика • 18 Мамыр, 2023
Газ саласы: Жаңару жолындағы жауапкершілік
Кез келген ел өзінің әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартудың бір факторы ретінде газ саласын дамытуға маңыз береді. Біз де халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететін тиімді реформаларға, сапалы өзгерістерге мүдделіміз. Осы орайда Президенттің газ саласы бойынша берген тапсырмалары қалай орындалып жатқандығы жөнінде «QazaqGaz» ұлттық компаниясы таратқан мәліметтермен бөліскелі отырмыз.
Инфографика • 18 Мамыр, 2023
Ипотекалық несие деңгейі көңіл көншіте ме?
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде елімізде біраз уақыттан бері мемлекеттік бағдарлама аясында банк арқылы ипотека рәсімдеу, сатып алу құқығы бар жалдамалы пәтерлер мен белгілі бір санатқа жататын адамдарды баспанамен қамту жобалары іске асырылып келеді. Соның ішінде «7-20-25», «Нұрлы жер», «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» және «Өз үйім» бағдарламалары шеңберінде талай жан баспаналы болды. Бұлардың қатарына таяуда «Ұмай» әйелдер ипотекасы іске қосылды. Қалай десек те, адамдардың лайықты баспанаға қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып тұр.
Өндіріс • 18 Мамыр, 2023
Сүт мәселесін «сүттей ұйыта» аламыз ба?
Еліміздің экономикалық тұрақтылығын қалыптастыруда ішкі өндірісті ұлғайту – Үкіметтің басты назарындағы мәселенің бірі. Олай болса, біздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайтын тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзін ауылшаруашылық саласы қамтамасыз етіп отыр. Соңғы уақытта мал өсірген қазақ үшін негізгі тағамға айналған сүт өнімі төңірегіндегі әңгіме бүгінгі күн тәртібінен түсер емес.
Қаржы • 18 Мамыр, 2023
«Қарызсыз қоғам» ауыл халқының қаржылық сауаттылығын арттыра ма?
Ауыл халқының табысын арттыруға, жұмыссыз отбасылар санын азайтуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы барлық өңірлерде қызу қолға алынды. «Балық берме, қармақ бер» демекші, өз кәсібін ашуға ниеттенген әрбір жан үшін аталған бағдарламаның берер мүмкіндігі мол.