Аймақтар • 16 Мамыр, 2017
Өскеменде Катонқарағай ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің өзге жәрмеңкелерден ерекшелігі сол, ет, сүт өнімдері арзан бағамен сатылып қана қоймай, қала тұрғындары арасында ЭКСПО көрмесінің билеті үшін лоторея ойнатылып, Өскеменнің бес тұрғыны Астанаға бару мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2017
«Жас қанат-2017» республикалық жас орындаушылар байқауы мәреге жетті. Қазылар алқасы елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайын әнмен тербеген үміткерлердің ішінен ең мықты, ең дарынды дегендерін іріктеді.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2017
«Апат айтып келмейді». Жазым дегеніңіз аяқ астында. Қызылордада осындай апатты жағдай орын алды. Оқиға 14 мамыр күні сағат 18:20-да «Қызылорда жылу электр орталығындағы» жарамсыз жылу қазандығын демонтаждау кезінде болған. Апат салдарынан бір адам қаза болып, бір кісі жарақат алды.
Пәтер проблемасын кім шешеді?..
Қалалық тұрғындар күнделікті өмірде мынадай жағдайды бастан өткеріп жүр: ыстық судың шүмегін бұрасаңыз, алдымен бір-екі литр салқын су, содан соң барып ыстық су ағады... Босқа аққан есіл тіршілік нәрінің құнын ыстық судың бағасы бойынша шытырлатып тұрып қалтаңыздан төлейсіз. Күніне бір пәтердің өзінен жүздеген литр су осылайша рәсуа болып жатқан жоқ па? Обал-ай.
Әлемдік қоғамдастық: орын мен бедел
Әлемдік қоғамдастық абстрактілі ұғым емес, оның көшбасшысы – Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ аясында мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қоғамдастық құрып отыр. «Әлемдік қоғамдастық» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамлеясында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Ричард Никсон қолданған. Ол: «Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қоғамдастық болып отырмыз», – деп көрсеткен еді.