Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Көрсеткіш күн сайын құбылып тұр
Осы аптаның басында әуелі «қызыл», келесі күні «сары аймаққа» өткен Ақтөбе облысы мамырдың 20-сы күні қайтадан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпті өңірлердің қатарына енді. Соңғы күндері тәулігіне 50 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталған соң індеттің азаймағаны белгілі болды.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Жүйелі медициналық көмек жалғасады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылы елорда тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 17,2 млрд теңге қарастырған. Бұл туралы аталған қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Халықтың 30 пайыздан астамы екпе салдырды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны алуда белсенді екендігін айтты. Эпидемиялық ахуалды баяндаған қала әкімінің дерегінше, ақпан айынан бастап азаматтарды вакциналау үшін 43 стационарлық және 25 жылжымалы бекет ұйымдастырылған.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Батыс Қазақстанда вакцина тапшылығы жоқ
Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 64 037 адам, екінші компонентін 25 282 адам алып үлгерді.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Бірегей өлшем құралы – қауіпсіздікке кепіл
Нұр-Сұлтан қаласында техниканың сапасын тексеріп, қауіпсіздігін анықтап беретін бірегей зертхана ашылды. Былай қарағанда қатардағы көп зертхананың бірі сияқты. Бірақ мұның ерекшелігі – отандық өндірушілерге жасап отырған жағдайында. Қазақстандық өндіріс иелері енді шекара аспай-ақ, осы зертханаға келіп, халықаралық стандартқа сай сертификатты алады.