Қазақстан • 19 Мамыр, 2022
Биыл – Балалар жылы. Атаулы кезеңде атқарылар іс аз емес. Міндет жүгі де салмақты. Басым бағыттарды саралаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын. Қазір өңірлерде Президент пәрмені бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Бұл санатта Алматы облысы да бар.
Референдум • 19 Мамыр, 2022
Адам құқығын қорғаудағы жаңа белес
Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ұжымы заң ғылымдарының докторы, Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Сергей Жалыбинмен кездесіп, 5 маусымда өтетін республикалық референдумның жай-жапсарын талқылады.
Референдум • 19 Мамыр, 2022
Саяси реформалар ел көкжиегінің кеңеюіне бастайды
Конституциялық реформалар мен әлеуметтік даму моделін трансформациялаудың өзекті мәселелері Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы мен Философия, саясаттану және дінтану институты мамандары ұйымдастырған республикалық конференция барысында талқыланды.
Референдум • 19 Мамыр, 2022
Мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Орталық референдум комиссиясы офлайн және онлайн форматта оқыту семинарларының сериясын жалғастыруда. Бұл жолғы семинар қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне арналып, онда мүгедек жандардың мәселелері қаралды.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2022
Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың санын орта мерзімді кезеңге шақтау керектігін айтты. Сонымен бірге ол «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» атты Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Үкімет мүшелері аймақтарға тұрақты түрде шығуы керек, ал өңір әкімдері әрбір елді мекен тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізуі керек», деген талап қойған еді.