Қазақстан • 19 Мамыр, 2022
Атырауда аты аңызға айналған қазақтың қанатты қызы, штурман-ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді. Халықаралық әуежайдағы батыр ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталған алқалы жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов, Х.Доспанованың ұлы Ерболат Әміров, інісінің ұлы Бақытжан Доспанов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам және мемлекет қайраткерлері, сондай-ақ Ұлттық ұлан 5546 әскери бөлімінің сарбаздары, батыс өңірлік қолбасшылығы қатысты.
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
Рухы биік елді ешкім жасыта да, жасқанта да алмайды. Сол үшін қазақтың рухын көтеру қажет. Осы орайда халқымыздың жылы жүрегінен орын алған тұлғаларды насихаттау, даңқын асыру аса маңызды.
Спорт • 19 Мамыр, 2022
Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық
Бүгін Ыстанбұлда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы бұл жарысты бес жүлдемен қорытындылады. Атап айтсақ, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медальды қанағат тұтса, кеше түнде Алуа Балқыбекова бас жүлде үшін таласты. Финалдық бәсекеде ол жергілікті боксшы Айша Чагирирмен шаршы алаңға шығып, 2:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Финалдық жекпе-жектердің қалай аяқталғаны жайында газетіміздің келесі санында толық ақпарат береміз.
Спорт • 19 Мамыр, 2022
Шара десе, қазақтың маңдайына біткен биші қызы ойға оралады. Ал әңгімеміздің кейіпкері Шара Хамзина спорт саласында маңдай терін төгіп, халықаралық жарыстарда облыс былай тұрсын, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Алысқа бармай-ақ қояйық, ержүрек қыз 12-15 мамыр күндері Түркияда өткен Әлем кубогында алтыннан алқа тақты. Осылайша, екінші рет аталған жарыста топ жарып отыр.
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қазақстанның ірі мәдени орталығы саналатын Алматы қаласында 27 мемлекеттік және жекеменшік музей бар. Тарихи-рухани сұраныс себебімен ашылған осы музейлердің әрқайсының өз тарихы, өз жәдігерлерінің жинағы бар. Халықаралық музейлер күні кәсіби мерекесіне орай өткізілетін «Музей түні» мерекелік іс-шарасына қатысу таңдауының қиынға соғатыны да сондықтан. Бір түнде отызға тарта музейдің бәрін аралап, арнайы әзірленген мерекелік бағдарламасымен танысып шығу әсте мүмкін емес. Әйтсе де, бұл мерекеде Мемлекеттік орталық музейді, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейін және Н.Тілендиев атындағы мемориалды музейді аралап шығуды жөн көрдік.