Айтыс • 16 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алдында қайта жаңғырған айтыс тарихында «Қазақтың Сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтовтың есімі ерекше аталады. Оның «Сары тентек» аталуының тарихы да бар. Бұл атауды 1990 жылы Ташкентте өткен халықаралық айтыста «Қазақ айтысының, қазақ елінің абыройын сақтап қалдың, айналайын Сары тентегім!» деп Халық ақыны Қонысбай Әбілов риза болып берген екен.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2023
Саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерекше орын алатын бірнеше тетік бар. Соның бірі – отбасы институты. Қазақтың данагөйлері отбасындағы тәрбиенің маңызын «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген бірауыз сөзбен түйіндеген.
Табиғат • 16 Мамыр, 2023
Сиверс алмасының гүлдеуі – жетісулықтар үшін айтулы мерекенің бірі. Табиғаттың тамаша сыйы ұлтты ұйыстырар дәстүрлі мейрамға ұласып бара жатқандай. Биыл да республиканың түкпір-түкпірінен жиналған жұртшылық ежелгі алма ағашының саясында суретке түсіп, ұлттық дәстүрімізді қайта жаңғыртты. Қуанышты сәттің біз де көзайымы болдық...
Туризм • 16 Мамыр, 2023
Балқашта туризмнің бағы қашан жанады?
Түркия секілді туристпен таң атырып, туристпен күн батырған ел болу – әзірге арман. Ұшақтан түскен қонағының табанын жерге тигізбей, маңдайын желге сүйгізбей, иіліп-бүгіліп қызмет көрсетуге жете қойған жоқпыз. Алдағы жылдарда жетерімізге де күмән-күдік көп. Жайлылығымен туристің жағасына шаң қондырмайтын түрік бауырлар туризм туралы сынақ алса, қирай жығыларымыз тағы шын. Өйткені өзімізде туризм деп жал күдірейткеніміз ондағы қызметтің қасында тезек теріп қалады. Содан да ішкі туризм іркіліп тұр. Қызмет көрсету – кемшін. Баға – удай. Жайлылық – төмен. Бұл олқылықтар көсіліп жатқан көкше көл Балқаштың да басында бар.
Спорт • 16 Мамыр, 2023
Мырзағали АЙТЖАНОВ: Арық сөйлеп, семіз шыққанды жақсы көремін
Ташкент төрінде өткен әлем чемпионатында төрт алтын, бір күміс медальмен толағай табысқа жеткен Қазақстан боксшыларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, чемпиондарымызға сәттілік тіледі. Осы іс-шара аяқтала Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали АЙТЖАНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.