Поэзия • 16 Мамыр, 2023
Жастар поэзиясы – неміс тілінде
Орталық Азия, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан топырағында түлеген жырлар кәрі құрлықта қанатын қомдап, Алмания руханиятына ат ізін салды. Түбі бір түркі халықтары жас шайырларының шоғыр-шоғыр жырлары тұтасқан қалың антологияға енген әр елдің жыры ана тілінде һәм неміс тіліне тәржімәланған нұсқасы қоса жариялануымен де құнды. Уақыт өткен сайын тамыры терең қазақ жырларының өрісі кеңіп-ақ келеді. Соның бір мысалы, Гёте топырағына барып, неміс оқырмандарымен сырласатын осы антология.
Қоғам • 16 Мамыр, 2023
2023 жылғы журналистика саласы бойынша Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes)
Пулитцер сыйлығы (Pulitzer Prizes) – жыл сайын Нью-Йорктегі Колумбия университетінде тағайындалатын АҚШ-тың журналистика, әдебиет және музыка саласындағы беделді марапаты. Оның негізін қалаған – америкалық журналист және баспагер Джозеф Пулитцер. Осы сыйлықты ұсыну туралы Дж.Пулитцер 1904 жылғы өсиетінде жазып кеткен.
Пікір • 16 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның барлық азаматы мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және болашағына, ұлтымыздың рәміздеріне және оның мәдени өзегіне қатысы бар екенін сезінуі керек», деді.
Қоғам • 16 Мамыр, 2023
Отбасы құндылығы: таным мен таразы
Елімізде отбасы-тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың саны артқан. Ең өкініштісі, жантүршігерлік оқиғалардан балалар да зардап шегіп жатыр. Ал кейбір БАҚ-тың зорлық-зомбылық оқиғаларын ашық көрсетіп, қоғам дертін одан сайын өршітіп отырғаны белгілі. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халықаралық ұйымдар, медиа қауымдастық және сарапшыларды дөңгелек үстел басына жинап, мәселені жан-жақты талқылады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2023
Керекудегі кең ауқымды жаңарту
Екібастұздың жылу жүйесі мен жылу-энерго орталығындағы жабдықтарды жаңғыртуға биыл 26,3 млрд теңге жұмсалмақ. Жергілікті бюджеттер мен Үкіметтің резервінен 19 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. «ОАЭК» АҚ және ERG компанияларымен жасалған меморандумдарға сәйкес биыл Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жалпы ұзындығы 49 шақырым жылу құбырлары, энергия көздеріндегі 40-қа жуық қазандық жабдығы жаңарады.